БАСПАСӨЗ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
жеке
блог

БАСПАСӨЗ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жиынды «AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Жұмабеков Ахмет Әбдіраманұлы жүргізіп, жергілікті «СӘТ» телеарнасы мен «Келес келбеті» газетінің журналистері, аудан әкімдігі мен мекемелердің жауапты баспасөз хатшылары қатысты.
Мемлекет басшысы өз Жолдауындағы «Халық үніне құлақ асатын Үкімет» тармағында азаматтардың талап-тілегі мен сұрақтарына дер кезінде кері байланыс орнату жайлы айтқан болатын. БАҚ саласының мамандары халық пен билік арасындағы алтын көпір ретінде тұрғындардың мәселелерін халық қалаулыларына жеткізуге болатындығын түсіндірді.
Жиынға қатысушылар Жолдау аясындағы «Тыңдаушы мемлекет» жайы мен қазіргі таңдағы БАҚ құралдарындағы, әлеуметтік желілердегі ақпараттардың өзектілігі мен шынайы көріністері жайлы ой-пікірлерімен бөлісті.