Өмір мен кәсіп

Өмір мен кәсіп
жеке
блог

Психологияның өмір мен кәсіпте қандай рөл атқаратынын айтпас бұрын, психологияның не зерттейтіндігіне көз жүгіртейік.

Психология пәнін алатын болсақ, пәнде адам, тұлға туралы қарастырылады. Психологтардың адаммен жұмыс жасайтын өзге мамандармен (медиктер,педагогтар т.б) салыстырғанда атқаратын міндеттері күрделі екендігін айтқым келеді.  Себебі, адамның ішкі жан дүниесін зерттеу, оны түсіне білу әр адамның қолынан келе бермейді. Өмір ақ пен қарадан тұратындықтан, адам белгілі бір іске не болмаса өміріне немқұрайлы қарай бастаған уақыт болады. Ондай адамды тығырықтан алып шығатын жақындары болады, ал кейбіреулерінде ондай мүмкіндік те болмайды. Дәл осындай кезде, адамды саналы түрде тығырықтан шығара алатын өз ісінің маманы болады. Ол – психолог.

Жалпы, әр адам қоғамды құрайтындықтан, біз қоғамда өмір сүреміз, жетілеміз, жеке кәсіп ашып, әркім өзінің қалаған мамандығында жұмыс істей бастайды (кей адамдардың еріктері жетпей, басқа жұмыс түрімен айналысады, бұның өзі - ерік психологиясы). Қайсыбір мамандық болсын, біз адамдармен саналы түрде сөз алмасып, іс жүргіземіз. Яғни, күнделікті өміріміз психологиядан тұрады.

Психология, баланың тұлға ретінде жетілуі, отбасында басталады. Баланың болашақта адамгершілікке толы болуын, өз ісінің нағыз маманы болуы, ең алдымен, отбасында қалыптасады дегім келеді. Өкінішке орай, көптеген балалар анасы мен әкесінің қатысуынсыз, балалар үйінде тұрып өсіп жатқандары бар. Бір айтарым, бұл баланың адам болып қалыптасуына да үлкен әсерін тигізері анық.  Дана  халқым сол себептен де: «Жетім көрсең  - жебей жүр» ,- деген ғой. 

Өзім туралы айтатын болсам, мен болашақ журналистпін. Өз ісінің нағыз маманы, білгірлеріне тамсана қараймын. Олар өз ісіне үлкен жауапкершіліпен қарап, айналасындарға көмек береді. Сол себептен де, қазірден бастап, өз маманыма сай әр кез жетіліп отыруға тырысамын. Себебі, мамандығым осыны талап етеді.

Ал журналист дегеніміз кім? Журналист сұқбат жүргізеді, мақала жазу арқылы қоғаммен байланыс жасайды, біздер, төртінші билікпіз.

Сұхбат беретін адам, әрине өз алдына жеке тұлға болғандықтан, сұхбат берушінің ұнатып-ұнатпайтын сөздері болатын жағдайлар болып тұрады немесе артық сөйлегенді ұнатпайтын жандар да кездесіп жатады. Журналист әр тығырықтан шыға білуі қажет.  Адамды түсіне білуі маңызды, дәл сол жанның өмірін кешіп жатқандай күйіне енуге тиіспіз деп санаймын. Себебі, болашақ ісім адамдарға көмектесу арқылы оларға бақыт сыйлау болып табылады. Журналистика - әрқашан ізденіс пен қажырлы еңбекті талап етеді.

Әлемде, бәріне белгілі, 7 млрд-қа жуық адам бар. Олардың әрбіреуі әртүрлі. Саусақ ізі әртүрлі болатыны секілді, әр адам ерекше.

Адамның жеке өмірі бар. Жеке өмірі де адаммен байланыс арқылы жүзеге асырылады. Бұл ортада рухани қолдау, түсіну, жетілу маңызды деп есептеймін.

Сөзімді қорытындылай келе, психология өз алдына жеке ғылым, себебі біздің қоршаған орта психология пәнімен  тығыз байланысты.