"Мен өз елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?"

«Мен өз елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?»

Армысыздар, менің есімім Бағдат. Ата – анамның «қызым - қарашығым» деп өсірген  қызы боламын. Мамандығым – журналистика.  Анам мен әкем отбасы тәрбиесіне жете көңіл бөліп, әр баланың рухани тұрғыда адамгершілігі мол, білімді, халқына адал қызмет ететін  тұлға қылып, өмірімнің соңына дейін жүретін фундаментальді тәрбиені отбасымда алғаным бар. Бала – ана мен әкенің  ішкі жан дүниесінің көрінісі демекші, балаға ең алдымен берілген тәлім – тәрбие маңызды деп білемін.

Менің болашақ кәсібім – журналистика. Бұл дегеніміз , төртінші билік иелері, нақтығырақ, халықтың қиналып, айта алмай жүрген мұң – мұқтаждарын билік иелеріне аманат етіп  жеткізу болып табылады һәм журналист өз мақала, фельетон, жыр – жинақ, әңгімелері арқылы халықтың білімге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, көзі ашық, көкірегі ояу болуын қалау деп есептеймін.

Әлемнің ұлы ғұламасы Әл – Фараби атамыздың мына бір келтірген еңбегін ойға тиек қылатын болсам: «Ізгі қала тұрғындары дегеніміз бір – біріне көмек беріп, адамгершілікте, ынтымақтастылыққа, мақсат пен мүддесі бір, бақытты ізгі қала тұрғын шоғыры». Мемлекеттің қайнар көзі – халық, яғни  белгілі бір мемлекет тұрғындары, ұлт шоғыры.  Басты мәселе – адамгершілік, құндылық, ізгілік тақырыбы. Менің ойымша, ұлт қандай жағдай болмасын, бірегейлікті, ынтымақтастықты, бір  - біріне көмек беруге әзір тұратын нағыз бір отбасы мүшесіндей болуы қажет. Тек сонда ғана,  елдің негізі де, діңгегі де ажырамас, мықты болады. Демек қоғамның, адамзат қоғамының, ұрпақтың бейбіт өмірін, ізгілігін қалыптастыратын жалпыға ортақ дұрыс білім, діни сауаттылық және парасаттылық. Бұлар қашанда адамзаттық мәдениет пен өркениеттің тірегі болып табылады.

 Сәйкесінше, елдің болашағы  жарқын, бақытқа толы болмақ. Бұл келтіргенім теориялық ойым еді.

Ал енді, іс жүзіне, практика жағына келетін болсам, ең алдымен, тәуелсіз мемлекет деген өзінің жеке жер ауқымы, халқы, мемлекеттілік тілі бар егеменді елді атаймыз. Менің ойымша, елдің осы бір құндылықтарына баса назар аударып, оны қадағалап, бірқалыпты екенідігіне көз жеткізіп тұру қажет. Сол сияқты, Ата Заң –Конституцияның өзгеріске ұшырай бермей, нақты, тоқталымға келтіруін қолға алатын едім. Еліміздегі саяси жүйені өзгертіп, сонымен қатар, елдің нағыз қамын жейтін аға буын өкілдерімізді қоятын едім. Сыртқы экономикалық байланысқа келетін болсам, 1771 жылы үш жүздің ханы болып сайланған, нағыз дипломатияның көсемі, халық басшысы Абылай ханның көрегенділік саясатын қолданар едім. Себебі, халықтың жеріне, ұлан – ғайыр созылып жатқан құнарлы да әсем өлкесіне қызықпай жай жатпайтындары жоқ емес, бар.

Елімнің гүлденуі үшін, ең біріншіден жоғарыда атап кеткен мәселелерді қолға алғанннан кейін ғана, халықтың білім сферасына көшер едім. Себебі, білімді жастары бар халық, ел, жер ол бір орында тұрмайды, қараңғы үңгірде шам таппай, алға баса алмайтын болмайды, олар бірлікте бәрін қайта салып, гүлдендіріп, ерекшелеп тұрады.

 «Тәрбиесіз берілген білімнің – адамзаттың қас жауы» екендігін естен шығармау абзал екендігін де баса айтқым келеді. Кітап оқулықтары, мұғалімдердің жеке білім беру көрсеткіштері, ауыл – қала аймақтарының ғаламтормен қамтамасыз етілуі тағы да осындай типті басты мәселелерді қалпына келтіріп, адамдарға жылу сыйлай отыра, ақиқат пен жақсылық синонимі ретінде есте қалуымды қалар едім. Оның іске асуы үшін, мен айтып кеткендей нағыз «елім – жерім»  дейтін тұлғаның басшы болуы есебінде жүреді...

Ал, қазір мен 1 –курс студентімін, қазіргі кезде маған өзімнің салам бойынша көп ізденіп, зерттеп – зерделеуім қажет. Бұдан бөлек, жас шамасына қарамай, білім алу – адамды шыңдайды, әлемге деген көзқарасы кеңеюіне жағдай жасайды, бар сферадан хабардар, еліне де пайдалы азамат болып шығады. Тек, тәрбиені ұмытпауымыз абзал.

Қазіргі кезде елімізде  орын алып жатқан бір оқиға, бұл, өз мамандығын бірнеше жыл оқып, өз мамандығын келешекте қажет етпеуінде. Бұл – өзекті мәселе. Олардың барар жері – өз таңдаған мамандығы болмаса яки өзінің сүйген мамандығына бара алмауы болып тұр ғой. Яғни, бұл да елдің ЖОО жүйесіне келіп тіреліп отырғандығы.

Сөз соңын қорытындылай келе, мен, өз елім үшін пайдалы, халқыма көмегі тиер тұлға болуды мақсат еттім. Сол бір ұзын да қилы, ұзақ жолда аман – есен жету нәсібі тисін.

Дәл қазіргі білім заманында өзімнің белгіленген салам бойынша көп ізденіп, зерттеп – зерделеуім қажет. Бұдан бөлек, жас шамасына қарамай, білім алу – адамды шыңдайды, әлемге деген көзқарасы кеңеюіне жағдай жасайды, бар сферадан хабардар, еліне де пайдалы азамат болып шығады. Тек, ең маңызды - тәрбиені тірек еткеніміз абзал.

Бөлісу: