« Әйел билеген заман» осы ма?!
жеке
блог

« Әйел билеген заман» осы ма?!

  Мұхтар мен Гүлмира сырт көзге шын ғашықтар секілді көрінгенімен үйлеріне бас сұға қалсаң, әйелі күйеуіне саусағын шошайтып " бір аяғың анда, бір аяғың мыңда болсын" деп өктемсіп жатады. Бұл көрініс қонақ көзінше азамат басымен әйелінен сөз естіген Мұхтарға да, ерлі - зайыпты ұрысының үстінен түскен бізге де жайлы емес әрине....

   Дәл жаңа жыл таяп қалған сәтте Бағдара мен Исраил шартпа - шұрт келіп қалды. Бірінің аузынан көк ит, екіншісінікінен қара ит шығып жатты. Бағдара апайымыз тілін тартпай үстелді жұдырығымен қойып - қойып қалғанда, жаңа жылды қарсы алуға жиналған қонақтар сыртқа атып - атып шықтық.

   Мұндай мысал - оқиғаларды, яғни әйел долылығын жас болсам да жиі көріп қалып жүрмін. "Әйел билеген заман" деген осы ма?! Ал күйеудің кеудесіндегі намыс қайда кеткен?...