Ұстаз — дейтін ұлы тұлға
жеке
блог

Ұстаз — дейтін ұлы тұлға

Ұстаз! Иә, осы бір ауыз сөзді естігенде, жан дүниең ақтарылып, ішкі әлемің бір жылулықты сезгендей болады. Ұстаз-келешек ұрпаққа жол көрсетуші, бағыт-бағдар беретін сенімді өкілі. "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" демекші, ұстаздарымыз жамандығымызды жасырып, жақсымызды асырып, бар білгенін үйретуден еш уақытта жалыққан емес. Әлемнің бар құрметін алдына жиып қойса да, аз болатын шығар. Бар жақсыға лайықтылар ғой, бұл шіркін!

Ұстаз — дейтін ұлық есім! Жер бетіндегі барша адамзат тегіс қадірлеу керек ұлы тұлға бұл—Ұстаз. Сіз танып білген жауырыны жерге тимеген алып балуанның өзі, қаһарлы да, сұстылар да, шебердің бәрі, оларды қойшы, Пайғамбардың өзі ұстаз дейтін бір ғана жанның алдына басын иген. Ұстаздарымыздың бойындағы еңбекқор, талапшыл, жаңалыққа жаны құмар қасиеттерін өзімізге әрқашан үлгі тұтамыз. Білім нәрімен сусындатып, бар жігерімен қолдауға тырысатын, оқушылары дегенде шығар жаны бөлек "аналарымызға" айтар алғысымыз шексіз. Осындай білікті ұстаздардан білім алып жатқанымызға мақтанамыз. Ұстаздарым сіздерге басымды иемін!