Қызылордада республикалық жастар әзіл кеші өтті

Қызылордада республикалық  жастар  әзіл  кеші  өтті
жеке
блог

Қызылорда қаласында республикалық жастар әзіл кеші өтті. Қызылорда әкімінің жүлдесіне арналған ойын жоғары деңдейде ұйымдастырылды. Қатысқан командалар бірінен-бірі оза, үздік өнер көрсетті. Құрамалардың барлығы дерлік, жан-жақты, тың дайындықпен келген. Тартысты  ойынның  нәтижесінде, қазылар алқасының шешімімен, "Нұр Үміт" өнер орталығы "Миллион" командасы бас жүлде, Қызылорда облысы әкімінің жүлдесін иеленді. Екінші орын, Шымкенттік Байдың балалары командасына бұйырса, жүлделі үшінші орынды Қызылорда облысының Жалағаш ауданынан қатысқан Жалағаш құрамасы алды.

Ал, үздік ойыншы номинацисын ОҚМПУ құрамасының капитаны Өсер иемденді.⠀
Сонымен қатар, жүлде қорының 10% "Мектепке жол" акциясы аясында Сыр өңіріндегі тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушыларға қажетті құрал саймандар алу үшін қайырымдылық қорға аударылатын болады.