Ана
жеке
блог

Ана

      Анасы Айарудың бөлмесіне тағы келді.

  — Сенің бөлмеңе осымен нешінші рет келдім. Тұр дегенде тұра салу қиын ба?

   — Түу, мам, қойшы!

    Айару үшін ештеңені білдірмейтін бұл әрекет,анасының жүрегін шайқап барып орнына қойды.

     Таңғы ас.

    — Туф, тағы да осыма. Ештеңе жемеймін. Мен кеттім!

    — Қайда?

         Жауаптың орнына тарс еткен есіктің дауысын естіді.

   Барлық шаруаны анасына тастап, Айару күні бойы Камиланың үйінде болды.

      Кеш. Айару асығып үйге әкесінен бұрын жетпек болды. Аулада әкесінің көлігі байқалмаған соң, үйге асықпай аяңдады. Анасы мүлде қоңырау шалмапты. Қызық...

     Үйге кіргенде біртүрлі күйіктің иісі шығады ма, қалай? Үйі іші көзге ұрғандай қараңғы. Ас үйге кіріп еді:

  —Ааааааааааааа