Менің елім және жетімдер...
жеке
блог

Менің елім және жетімдер...

Бұл өмірде ананың ақ сүті мен мейіріміне жететін не бар? Оның мейірлене айтқан «Айналайын, құлыным, ботам, балапаным» деген жылы сөзі жаныңды ерекше сезімге бөлеп, бар бақытты сыйлады емеспе?! Ананың ыстық алақанына ештеңе де тең келмейді. Ал осы аялы алақанды сезбей, ананың ақ сүтін ембеген баладан қандай мейірімділікті, ізгілікті күтеміз.

Елімізде жетімдер санының көбейуіне кімдерде кінәлаймыз? Жетімдер үйін ойлап тауып, жер-жерден ашып жатқан қоғамды ма, қыздарынан қылық кетіп, ұлдары намысын ұмытып, қатыгез, тасбауыр адамдарды ма?

Ресми деректереге сүйенсек, 80 мыңнан астам жетім балалар бар екен. Қаншама мың сәби үкімет қамқорлығында өсіп, ер жетуде. Әйткенмен, он сегізге толып, кәмелеттік жасты толтырғаннан кейін ол баланың болашағы не болмақ? Жетімдер үйінен кеткеннен кейін, бірі жалданып күнделікті нанын тапса, енді біреулер қылмыс жасап, бұзақылықпен айналысады. Сондықтан да, түрмеге түскендердің көпшілігі жетімдер үйінен шыққандар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалар болады екен. Әрине, жанашыр жақыны жоқ, бесікте жатып анасының ақ әлдиін, әкесінің тәрбиесін көрмеген бала қандай болмақ?! Бір айта кетерлігі, балалар үйінің болғаны жақсы, бір жағынан жаман. Себебі, көп аналар өз балаларын жетімдер үйіне апарып, «Балалар үйі» барғой, солар қамқор болады деген сеніммен тастап кетіп жатады. Сол себепті де жетім қалған балалардың саны күн санап өсіп келеді. Дана халқымыз «Балалы үй — базар, баласыз үй қу базар» деп, баланың көптеп дүниеге келуін тілеп, ұрпағының көбейіп, шағырағының кеңейгенін жақсылыққа балаған. Шындығында да солай, әр үйдің қуанышын молайтып, ата-ананы бақытқа бөлеп, былдырлаған тілімен, сыңғырлаған күлкісімен үйдің сәнін кіргізіп, тәп-тәтті қылығымен қандай мұңды да жеңілдетіп, көңіліңді көтеретін жас сәбидің бал үніне жететін бақыт жоқ шығар?! Атам қазақ ешқашан жетімін тентіретпей, көрінгеннің қолшоқпарына айналдыруға ешқашан жол бермеген. Ал, мынандай жағдайға қарап тұрып, «жетім көрсең жебей жүр» деген дана халқымыздың данышпандығы қайда кеткен деген ойда қаласың. Еліміздің басына қиын күн туғанда яғни соғыс жылдарында ашылған бірен-сараң балалар үйі, бүгіндері жер-жерден, ауыл-аймақтардан мыңдап ашылды. Тіпті, соңғы кездері соның өзі аздық етуде.

 

1999 жылдан бері шетелдік азаматтар 8169 қазақстандық баланы бауырына басыпты. Бұл – асырап алынған (37 450 бала) балалардың жалпы санының 21,7 пайызы. Ал соңғы он жылда 28 829 (77,1 пайыз) баланы қазақстандықтар және 452 (1,2 пайыз) баланы олардың шетелдердегі туыстары асырап алыпты. Өткен жылы 3 мыңнан астам жетімдер өзінің жаңа отбасын тапса, тағы да 1 мыңнан астам адам бала асырап алғысы келетіндердің кезегінде тұр. Он жыл ішінде жәудіркөз жетімдер әлемнің 30 еліне әкетілген. Біздің жетімдерімізді асырап алудан бірінші орында – АҚШ (6406 бала), екінші орында – Испания (600), үшінші орында Бельгия (343) тұр. Одан әріде немістер – 173, канадалықтар – 167, ирландықтар – 140, француздар 131 жетімімізді асырап алған. Енді мынадай бір қызық дерекке назар аударалық. Шетел асқан 8169 тұл жетімдердің 3752-сі – қазақтар (45,9 пайыз), 4057-сі – орыстар (49,7 пайыз) және 360-ы басқа ұлттар (4,4 пайыз) екен. Онда да басқа ұлттардың арасында өзбек, тәжік, түрiкмен, қырғыз ұлтының бірде-бір баласы жоқ. Неміс, украин, белорус, татар, поляк, молдован, грек, кәріс, грузин, шешен, армян және ұйғыр ұлтының өкілдері ғана бар.

 

Осылай ата-аналардың балаларынан оңай бас тартып, жетім балалардың көбеюі күн санап артып келеді және артып келеді. Осындай жағдайларды қарап отырып, қазақ халқының бойына сіңген мейірімділік, бауырмалдылық қасиеттерін жоғалып, жолдан тайып бара жатыр-ау деп күмәнданамыз! Әрбір адам баласы дүниеге жетім болу үшін келмейді. Сондықтан да қатыгездікке жол бермеген абзал! Жетім деп қомғамнан бөлектемей, қара дақты өмір бойы беттеріне басып өтпей, адам махаббатын сездіргеніміз дұрыс!