Футболдағы ертегі. Грекия екінші орынмен топтан шықты

Әлем Чемпионатында үшінші тур ойынында - Грекия мен Кот-д'Ивуар құрамалары арасындағы кездесу 2:1 есебімен аяқталды...

С тобының өкілдеріне топтан екінші боп шығуға мүмкіндіктері қалған-ды. Кездесуде ивуарлықтар басым қимылдап, шабуылда ұрымтал тұстарға жиі шығып тұрды.

Ал гректер қорғаныста сауатты қорғана жүріп, шабуылға шығуды ұмытпаған-ды. Тең есеппен ойнап жатып ивуарлықтар өз айып алаңдарында жиі тәртіп бұза бастады. Төреші көбіне мән бермей келіп еді, ақыры гректердің пайдасына 11 метрлік айып добын бекітті.

Грекия құрамасы енді Коста-Рикамен ойнайтын болды. Ал топта бірінші орын алған Колумбия Уругваймен кездеседі. 

Грекия – Кот-д'Ивуар – 2:1

Андреас Самарис, 42, Самарас Г. 90+3, Бони В. 74' 

Грекия: Карнезис, Манниатис, Манолас, Самарас, Коне, Карагунис, Салпингидис, Торосидис, Христодулопулос, Папастатопулос, Холебас.

Кот-д'Ивуар: Барри, Бока, Коло Туре, Калу, Тиоте, Жервиньо, Орье, Яя Туре, Сере Ди, Бамба, Дрогба.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: telegraf.com.ua