Тәлім тәрбие технологиясы
жеке
блог

Тәлім тәрбие технологиясы

"Ешкімде іштей батыр болып тумайды.Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады" - деп Б.Момышұлы айтқандай тәлім-тәрбие  отбасы-ошақ қасынан бастау алады."Ел боламын десең бесігіңді түзе" деген атам қазақ.Отбасындағы ата-ананың баласын бесіктен тәрбиеге баулып,болашағына  үкілеген үлкен үмітпен қарауы абзал.Қылықты қыз бен ұлықты ұл тәрбиелеуде ата-баларымыз кенде қалып жатқан жоқ. Тәлім сөз - тәрбие құралы демекші алдымен жақсы сөз сөйлеуге, жақсы ой ойлауға, жақсы көзқарас қалыптастыруға психологиялық тұрғыдан атсалысқан жөн.Адамды ортасы өзгертеді, сондықтанда айналасында жүрген дос-жарандарының қандай сипатта екенін білу де маңызды болып табылады.Баланы жастайынан еңбекке, оқу-білімге құштар етіп баулу ,сауатын ашып уақытын тек пайдалы іс-әрекеттерге жұмсайтындығына бағыт-бағдар берген жөн.С.Көбеев айтқандай "Еңбек тәрбиесіне баса назар аудару керек.Еңбекке тәрбиелемей тұрып,балаға дұрыс тәрбие бердім деу бекершілік" Өскелең ұрпақтың бойына Конфуций ілімін серік қылып,"бәрінен де бауырмалдық пен перзенттік парызды ұмытпа,туған-туысқандарға қайырымды бол.Тәубешілдік пен үнемшілдікті бағала,бойыңдағы ашу мен ызаны басуды үйрен.Білім мен біліктілікті жоғары қой.Көңіліңе сай келмейтін ілімнің барлығынан арыл, басқаларды да ағат жолға қадам басудан сақтандыр.Тәлім тәрбие технологиясында үлкен дүниелер ретінде есепке алуы тиіс еңбек,еңбек бәрін жеңбек.Абай атамыздың "Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын" деген ұлағатты ойы бүгінде расталып келеді.Уақытын қалай өткізерін білмей жүрген санасыз жастар азғын жолға түсуі міне осыдан.Тәрбие бесіктен, орағытқан қызыл тілден, мінезден тәлім алып, еңбекпен өз нәтежиесін береді.