Жаутаңдаған жанарында жалғыз ғана сұрақ тұр...

Жаутаңдаған жанарында жалғыз ғана сұрақ тұр...
жеке
блог

Соңғы бір айда өмірінде көптеген өзгерістер орын алды.Ия бірақ ол мықты ғой бұл қиындықты жеңеді деп іштей қолдау көрсетіп қоямын.Бірақ ол жанның осы шыдамдылығына,ақылдылығына қарап таң қаламын.Мұндай сынақтан бәрі өте алмайды-ау...Ия ол жүзі жарқын керемет жан.Бірақ өмірлік жолдасы жақсылықтың не екенін ұғынбайтын бір надан болып  шықты. Амал нешік тағдыр дейміз тағыда.Өзімізді алдаймыз тағдыр деп,өмірді басқа арнаға бұруға қорқамыз оның үстніе елдің сөзіне қаламыз деп тағы қаламыз.

Елдің сөзі үшін,өмірін қиындатып жүре береміз.Құдды бір ел үшін өиір сүріп жүргендей,бірақ сұрақ қойса –жоқ өзім үшін өмір сүрем,бала-шағам үшін деп шырылдаймыз.Бірақ елдің сол баяғы ой-пікірінен қорқақтаймыз.Қаншама отбасы бар қызы бақытсыз,бірақ жоқ  ажыраспа ертең ел недейді деп шығады.Осындай өмірлік мысалдыр көп.Сол сөзге қалмайын деп өмірін қиындатып жүрген жан туралы жазбақпын.Оны ПЕРІШТЕ деп атасаңда қателеспейсің,сондықтан атын көрсетпей ПЕРІШТЕМ туралы әңгімемді бстайын.Күшік асырап ит еттім ол балтырымды қанатты,Біреуге садақ атуды үйреттім ол мерген болып өзімді атты-деген мақалға сай болып тұр баяндар әңгімем.

Адамдардың арасына шоқ салып соңында сол шоққа өзі күйіп,кімді кінәләрін білмеген бір сор маңдайға кез болған Періштем-ай.Сүйегіне ілінген,ішерге асы жоқ біреу еді.Оған күйеуге шығып (әлде керісінше) оны үйіне кіргізіп,астына су жаңа көлік сыйлап,арақ ішіп қаңғыған баласын адам етіп,бір басын екеу етіп оны үйлендіріп,келінін жұмысқа тұрғызып,төрт-түлік малын санап беріп,өгейсітпейін деп отыз жастаға баласының қамын ойлаған Періштем одан еш нәрсесін аямады.Көлігімен көшені аралас,адам тасығаннан басқа жұмысыда жоқ еді,енді оқымаған адамға қандай жұмыс.Үйге келеді,тамағын ішіп-шығырады басқа еш нәрсе істемейтінде,ханзадада бұлай өмір сүрмеген шығар.Тіпті шеге мен балға ұстап бір нәрсе қағуды білмейтін.Тағдыр неткен қатал десеңізші.

Осы орайда бір әңгімені айта кетейін.Бірде бір кедейдің үш қызы болған екен.Оның екі қызы жалқау,сылқым болыпты,ал кенже қызы пысық,ақкөңіл болған екен.Бірде олардың есік алдарына келіп Тағдыр арбасымен тоқтапты.Тағдыр үш қызды арбасына отырғызып үшеуін ауылды жерге күйеулеріне апарып беретінін айтады.Бірінші үлкен қызын бір бай,ақылды бір жігітке апарады.Екіші қызында ақылды,сұлу жігітке апарады.Кенже қызы ойында еш жаман ойы жоқ,менде үлкен әпкелерім сияқты жақсы жерге түсемін ғой деп ойлап келе жатса.Тағдыр арбасымен бір құдықтың түбінде жатқан алқаш біреудің қасына тоқтайды.Көзі жасаураған қыз неге бұлай,менің әпкелерім бәрі жақсы жерге барды мені неге бір алқашқа бердіңіз деп сұраса-тағдыр сен бұны адам етесің сен болмасаң бұл жоғалады деп жауап береді.Ия,өмірде қарап отырсаң шынында да солай.Сол сияқты періштемде біреуді адам қатарына қосты десем артық айтпаймын.Бұл жақсылыққа биті семірген ол есіре түсті.

Қызығын сырттан іздеп,мінезі құбыла түсті.Осылай жылдар өтті.Ол тіпті адам танымастай өзгерді.Ал,Періштем сол күйі түсінер,ойланар деген оймен сол баяғы жақсылық жасауын тоқтатуды еш ойлаған емес.Соңында ол сырттан тапқан қызығына кетті.Тіпті жасаған жақсылықты мойындамады,майы бетіне шығып,ырс-ырс демалып кетті.Тағыда ол бір әйелдің қолына кірді,өз үйі емес әйелдердің үйіне кіретін намыссыз біреу еді.Ол әйелбен мінезі жараспай,күнде ұрыс-керістен шаршаған ол,өткен күндерін сағынады жылайды,осылай ойлап келе жатып жол апатына түседі.Бірге тұрған әйел одан бас тартады,сал болып жатқан ол көп ұзамай көз жұмады.Сол баяғы періштем оны соңғы сапарға шығарып салады.Себебі одан барлық туыстары бас тартқан,оны атын естісе ұялатын.

Көмілусіз қалмасын деп барлық жөн-жоралғысын жасап мәңгілік сапарына шығарғанда ПЕРІШТЕМ.Мен нені дұрыс жасамадым деп,енді жаутаңдаған жанарында жалғыз ғана сұрақ тұр.Әр іс-қимылына ойлана мән беретін не деген керемет жан едің.Ал,енді айтыңыздаршы мұндай жанды қалай ПЕРІШТЕ демейсің.Әр қашанда ауыздан шығар бір ауыз сөзге мұқият қарап ойланып сөйлеу керек.Сізді біреу жаман десе ақталудың қажеті жоқ себебі,ол адамның өзіне байланысты.Мысалы айтатын болсам.Сізді жамандаған адамды,сізге жерден бір уыс балшық алып сізге лақтырды деп есептейік.Ол балшық сізге тимей өтіп кетті.Ал,балшық лақтырған адамның қолында кір болып қалды.Ол оны кетіре алмайды.Сіз,шыншыл,сөзіне тұрақты адам болсаңыз сізге ешкімде атыңызға кір келтіре алмайды.