Намазға жығыл
жеке
блог

Намазға жығыл

  Қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырда кімнің қандай іс-амалдар орындап жүргені бір құдайға мәлім. Дүниенің қандай ағымында жүргендері кез келген жанды қызықтырары анық.Теріс жолды таңдағандардың азабы ақіретте берілері сөзсіз. Бес парыздың бірі- намаз.  Раббымыздың парыз еткен дүниелерін неге орындамасқа?. Ата-анамыздың рұқсатынсыз ешбір амалдардың орындалмасы хақ. Астымызда қымбат көліктің болғанын қалар болсақ, ата-анамызды қалайда болсын ырқымызға көндіріп, өз дегенімізді істетуге барынша тырысып бағамыз. Алтын уақытымызды, қысқа ғана басымызға жазылған ғұмырымызды босқа өткізудеміз.

  Егер де намазға деген құлшынысың, ниетің шынайы болар болса, онда бүгіннен қалмай кәлимәңді келтіріп, намазға жығылуыңды баста. Кімнің қашан бақилық болатыны бір құдайдың қолында. Қазір екі секундтан кейін не боларын білесің бе ?

  Кез келген пенде ата-анасына бір-ақ сәтте қарсылық таныта алады. Егер ата-анаң сенің намазға жығылуыңа қарсы болар болса, сол тұста ата-анаңның пікіріне керағар болуыңа әбден болады. Есімізді білер шақта тура жолды таңдап, екі дүние бақыт нығметіне бөленіп, Фердаус жәннәтына  кіруімізге раббымыз нәсіп еткей.