«Апорт» молл балаларға қуаныш сыйлады

Кеше Алматы қаласындағы  Апорт моллы балаларды қорғау күніне орай  мерекелік қайырымдық шарасын өткізді. Шара барысында әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 10 балаға спорттық киімдер мен аяқ киім, Hawaii аквабағына билет, KFC мен Mr Burgerдің тағамдары, Рамстор гипермаркетінің 3000 теңгелік сертификаты және Funkytown ойын сауық орталығына 5000 теңгелік картасы сыйлады.

Апорт моллы мүгедек балаларға,   жағдайы төмен отбасыларына, ардагерлерге, балалар үйіне әрдайым көмектесіп, қажеттісін алып беруді міндеті санайды. Апорт моллының пиар менеджері Алма Зикеннің айтуынша,  аталған мекеме мүмкіндігінше мұқтаж жандарға көмектесіп, оларды елеусіз қалдырмауға тырысады.  «Қолымыздан келгенше мүмкіндігі шектеулі адамдарға, ана мейірімін көрмей өскен балаларға  қол ұшын созып, қаржылай немесе тағам, киім, аяқ киіммен көмектесеміз», -дейді ол.

Сонымен қатар ол, қайырымдылық шараларына тұрақты түрде қатысып, өз үлестерін қосып жүрген жандарға алғысын білдірді. Олардың қатарында  Қазақстанның атақты сәнгерлері Тамара Ламанукаева, Ләрия Жақамбаева, Айнұр Тұрысбек, Камила Курбани, «Ақсай нан», «Алтын диірмен» нан зауыттары бар.



Бөлісу: