ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ ҚАҢҒЫБАСТАР

ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ ҚАҢҒЫБАСТАР
жеке
блог

Братислав Стоянович – 1970 жылы Сербияда туылған. 15 жыл бойы үйсіз жүрген қаңғыбас қабірлер ішіне түсіп мекендейді. Құрылыс саласында жұмыс жасап жүрген Братиславтың 17 жыл алдын үйі өртеніп кетеді, содан қабірлер оның үйіне айналады. Өйткені ол вокзал маңы, көшелердеің шуылынан тынышырақ жер іздеген болатын.

 

Чарльз Питтс42 жаста, Сан – Францисколық қаңғыбас.  Әлеуметтік желілерде Facebook, MySpace жәнеTwitter де күнделік жүргізеді.  Өз өмірінін интернетсіз елестете алмайды, осыдан 5 жыл алдын көше тұрғынына айналған. Алғашқы тасбысына Toshiba, соң Dell ноутбугын сатып алған, қуатты негізінен метрода қуаттайды.

Си Ли Гэ – ең танымал сәнқой қаңғыбас (Қытай). Оны ғаламтор пайдаланушылары "21 ғасырдың ең сәнді бейбағы" деп атап кеткен. Баспанасыз қалған ол Си Ли Гэ деген лақап атқа ие болып, ғаламтор жұлдызына айналады. Қытайдың қоғамдық белсенділері мен ресми қызметкерлер оны қаңғыбастар панасына орналастырмақ болғанмен ол арнайы мекемелерде "адам тым көп, мен олармен тұра алмаймын", деп қашып кетіпті.

Си Ли Гэ биліктің басқа да көмек шараларынан бас тартты. Ол өзінің жұлдызға айналғанына риза болмай, көшедегі адамдардың оны танып, автограф сұрап жүргеніне наразылық білдіреді. Дегенмен уақыт өтіп, Си Ли Гэ ғаламтор арқылы өзінің жанұясымен қайта қосылады. Отбасы мүшелерінің айтуынша, ол бірнеше жыл бұрын есінен адасып, жоғалып қалыпты. Содан бері оған іздеу жарияланған болатын. Отбасы мүшелері оның суреттерін көріп оны қайтаруды жөн санаған. Қазір оның жағдайы белгісіз.

Курт Дегерман – бұл кісі қазір арамызда жоқ, ол 2009 жылы 60 жасында жүрек талмасынан дүние салады. Көзінің тірісінде миллиондарға еге болсада қаңғыбас күйінде өмірден өтеді. Ол өмірден өткен соң екі туысқаны оның миллиондары үшін соттасқан болатын. Оның өлімінен соң бұл оқиға бүкіл Швецияны таң қалдырған болатын. Көшеде бөтелке теріп өмір сүрегн қаңғыбастың миллиондарга егелік қылғаны әрине таңғаларлық оқиға болатын. Ол 30 жыл бой жиған бөтелкелерінен 12 млн швед коронасын жинаған. Қоқыстағы фас-футтармен тамақтанып, сол жерден киінген.

МС Сайлаубек – рэппер (Қазақстан). «Давай Взрывай!», «Азат елдің ұлдары» бейнеклипімен танымал. Алматы қаласында жеке бренді сатылатын дүкені бар. Ресейдің «Пусть говорят», өзіміздің «Айтуға оңай», «Тергеу» телебағдарламалары арқылы көпшілікке танылды. Осыған дейін YouTube желісі арқылы тарқалған түсіріліммен көзге ілінген болатын. Еліміздің көптеген қалаларында, Бішкекте концерттері ұйымдастырылды. Атырау қаласының тумасы, жасы қырықта. Мектепті үздік бітірген, кездейсоқ төбелестен басына ауыр зақым алады. Туысқандары өнерін бағаламайды. Кумири Тупак Шакур. Қоржынында 5 ән бар, қаламақысы 30-40 мың тенге.

Амоа Хаджи -  80 жаста, соңғы 60 жылда денесіне су тимеген. Оның денесі кірден қалыңдап, көздері байқалмайтын дәрежеге келген. Өзінің ойынша : «Ауру - тазалықта». Ирандық қаңғыбас төзе алмайтын дәрежедегі ауыртпалықтардан соң көше адамына айналды. Қаладан кетіп, жалғыз даланы мекендеді. Қазір ол Фарс ауылының маңында өмір сүреді. Ол өлген аңдардың етімен тамақтанады. Содай ақ ол тынымсыз темекі тартады.

 

Жак Сайя – 51 жаста, Париждік танымал бодибилдер (Франция). Жаттығулары бірнеше сағатқа созылады, көшеден өтушілердің тамашалау мүмкіндігі мол. Спорт залдарына ақша жұмсағаннан, өз тұлғасын сақтау үшін көшеде жаттығу жасағанды ұнатады. Жактың тұрмыста қызы бар, екі немеренің атасы. Ол қандай ауа-райы болсада көшеде киімсіз жүріп, жатып кете береді. Оның 6 минуттық жаттығулары түсірілген бейнеролик қысқа уақытта 7 миллион көрілім жинаған.

Райан - есімімен белгілі қаңғыбас канаданың   Эдмонтон қаласында тұрады.   Пианинодағы оның шебер орындауы оны әлемге танытты. . Ролик YouTube де жарияланған соң 5 күнде 300 мыңнан астам көрілім жинаған. Видеоны түсірген белгісіз қыз оны ғаламторда жариялаған.  Ол ойнаған пианино көшеде тұрған және одан барша қалаушылар пайдалана алады екен. Жанынан өткен Райанда пионинада ойнап көруге шешім қабылдаған. Ол өз жасын айтпаған, соңғы 30 жылда көшеде өмір сүреді. Пионинада ойнауды өз еркімен үйренген.

Дональд Гулд  - АҚШ тық қаңғыбас, қазір Флоридада тұрады.  51 жастағы пианина шебері әлемге   YouTube желісі арқылы танылды. Соңғы  3 аптада видео 11,6 миллиона көрілім жинаған. Spring Arbor университеті 30 000 долларлық степендия тағайындады. Оның талантына тәнті болғандар бұл қаражатты оның музыкалық білім алуы үшін жұмсауына бөлген.

Женя Якут – Мәскеулік видеоблогер, қаңғыбас. Ресейдің көптеген телебағдарламаларына шақырылған. 43 жастағы блогер YouTube желісінде жеке каналын ашып, видеоларын жариялап отырған. 10000 нан астам көрермен жинаған каналда оның 38 видео топтамасы бар. Соңғы жылдары қаңғыбас өз өмірін өзгертіп, тұрмысын дұрыстаған болатын. 2015 жылы қаңғыбас - блогер өмірден өтті.