Тағдыр және біз
жеке
блог

Тағдыр және біз

15 сәуір  ғашықтар күніне орай екі ғашық «Тағдыр» атты мейрамханада тапсырыс беруде:

- Даяшы! – деді ашулы дауыспен Алмас.

   - Сәлеметсіздер ме? Қош келдіңіздер! Неге тапсырыс бересіздер? – деп сұрады  даяшы тапсырыс берушілердің көңілдерін аулап.

 - Әзірге, «денсаулық» сусынынан бере тұрыңыз. Кейін тағы  да тапсырыс бере жатармыз – деді Жадыра сыпайы үн қатып.

- Кешіріңіз, бізде «денсаулық» сусыны емес,  «техника» сусыны  бар?

- Ол қандай  сусын? Оның құрамында не бар? – деді  Алмас қызуғушылық танытып.

- Ол «денсаулық» сусынына қарағанда жақсы, әрі дәмді. Оның құрамындағы ең басты дәрумен – «ғаламтор». Тапсырыс  бересіздер ме? – деді даяшы.

- Жарайды, содан екеу әкеле  қойыңыз. Тағы осыдан 15-20 жыл бұрын дәм татқан  «ғашықтық» балмұздағы бар ма?- деп менюді Алмас жауып, даяшының бетіне қарады.

- « Ғашықтық» балмұздағы таусылған, орнына «жалғыздық» шоколодты бар- деді даяшы өзінің тағам түрлерін ұсынып.

- Жоқ, оның дәмін татқанмын, ашты. Оданша «Шынайы махаббат» коньягін беріңізші! – деп өзінің қалауын жайдарлы Жадыра даяшыға айтты.

- Тағы да кешірім сұраймын. Сіз тапсырыс берген коньяк осыдан 30 жыл бұрын таусылған. Оны өндіретін зауыт  үлкен шығынға ұшыраған еді. Оның басты себебі, халық ол коньякті ұнатпады. Басқа  «қатігез сәби» коньягі бар.

-  Содан біреу... Айтпақшы, «Ана мен әке» тәтті торт бар деп естігем соны қорапқа салып қойыңызшы кетерде алып кетемін. – деді Алмас қолындағы ұялытелефонға қарады.

-  «Ана мен әке» тортына қарттар үйіндегі қызметшілер ғана тапсырыс беретіндіктен соларға ғана жасаймыз.  Сондықтан «Ана мен әке» тортынан бас тартыңыз, оның орнына «Зұлым өмір немесе жауыз дүние» тортына тапсырыс беруге кеңес беремін. –деді даяшы екі ғашыққа өз кеңесін ұсынып.

Осылайша  екі ғашық арнайы тапсырыс беріп, алғаш рет « Зұлым өмір» атты торттың дәмін татты.