Он бес жыл етікші

Он бес жыл етікші
жеке
блог

Тас жолда келеміз. Бір кезде аяқ киімім өз – өзінен  тоқылдай бастады. Бұған не болып қалды деп соңыма қарай бергенімше:

- Қызым-ау, – деп бетін шымшыған анам аяқ кимімнің табанын көреріп келе жатыр.

- Онысызда асығыс едік, енді қалғаны аяқ киім жөндейтін жер іздеу еді! – деп жұлындым. Ер адамша киініп алған, бұрышта отырған әйелден анам жол сұрады. Әйел сәл ойланып жол сілтеді:

- «Пушкинамен» жоғағы көтерілсеңіз болды, алдыңыздан шығады. Әрі тез, әрі арзан жөндейді, – деді.

Қуықтай ғана бөлме. Жан-жағыма көз жүгірте бастадым. Етікші – жүзі жылы, қараторы ағай. Анам босқа отырмайық дегендей әңгімеге кірісті.

Кәрім ағайдың бұл жерде жұмыс істегеніне он бес жыл болыпты. Анам екеумізде таңырқай қарап: “Шынымен он бес жыл ма?”- деп көзімізді жыпылықтата қарадық.

Етікші ағайдың бес шәкірті болыпты, бірақ ешқайсысы оның өнерін жалғастыра алмапты. Оңай жұмыс болса, неге ешкім істей алмады?!. Әрине, аяқ киім жөндеудің  өзі өнер көрінеді. Мен бұрын көтеріп  барған аяқ киміңе дайын резеңкілерді жапсырып, шегесін қағып беріп ақша алады деп ойлаушы едім. Енді ол ойымның қате екенін Кәрім ағайдың жарылып кеткен әрі ойылған, еңбектенген қуатты қолдарын көргенде түсіндім. Біз әңгімелесіп отырған кезде, ұядай жерге талай адам келіп, кетіп жатты. Бәріде Кәрім ағайдың іскерлігін біліп алғандар шамасы.  Мен:

- Барлық Алматы сізге келетін сияқты ғой, – дедім таңданысымды жасыра алмай.

Ал нанын адал еңбекпен тауып жүрген етікші ағай күлді де қойды. Қарапайым шебер етікшінің қолына қуат тілеп, бізде өз жөнімізге кеттік. Кәрім ағай сияқты шеберлер болмаса, біздің күніміз қараң екен-ау деген ойға қалдым.