ӘР КҮНІҢІЗГЕ СӘТТІ ҚАДАМ №7
жеке
блог

ӘР КҮНІҢІЗГЕ СӘТТІ ҚАДАМ №7

Басты мәселе - жоспар

Ағайын, сенің өміріңде де кездескен болар, адамдардың басым көпшілігі алдын-ала жоспар құрады да  тез арада өзгертіп жиі сәтсіздікке ұшырап жатады. Содан соң «мен алдыма бір жоспар құрсам міндетті түрде әртүрлі жағдайларға тап боламын. Сондықтан мен алдыма жоспар қоймаймын, маған кездейсоқтық шешімдер оң нәтиже береді »,- деп жоспар қоюдан бас тартып жатады.  Ал бұның астары неде?  Өйткені олар арман, мақсат, ішкі құндылықтар және стратегия арасындағы байланысты ескермейді.

 Есіңде сақта, аталған төрт бағыт шаттыққа толы өміріңнің негізі, байлықтың таусылмас көзі. Аталмыш төрт күшті жеке-жеке талдап, үйлесімді күшін бірге талдайық.

Сенің арманың – тұла бойыңа қуаныш беретін өміріңнің жарқын келешегі. Ой құшағына бөлен, егер ақшаң көп болса және бос уақытыңды  бөле алсаң,  сен не істер едің? Нәтижесінде арманға жету үшін көп көлемді ақша қажет екенін ұғынасың.

Сенің мақсатың – арманыңнан бастау алған саналы  шешім. Егер сен саналы түрде шешім қабылдамасаң, оның орындаулу шарттарын ескермесең, ойлаған арманың  елестеген сағымдай көз алдыңда көлбеңдеп бұлыңғыр елес болып қалады . Сондықтан өзіңе-өзің сұрақ бер: «Кім болғың келеді, не істегің келеді және не боғанын қалайсың?»

 Сенің ішкі құндылықтарың – арманың мен мақсатыңа қайшы келмей өзіндік үйлесімін табу керек. Көкірегіңдегі сұрақтардың жауабын ізде: «Шын мәнінде мен не қалаймын? Шын мәнінде маған не маңызды?». Айналып  келгенде, ойыңыздан шығатыны ақша мәселесі. Амалсыздан сен өміріңнің мүмкіндігін анықтайтын шектеуден аса алмайсың. Алғашқы кезеңде бұндай мүмкіндіктерді саған ата- анаң, қоршаған ортаң  сен үшін таңдайды. Содан соң ішкі құндылықтарды өзің таңдайсың. Көп жағдайда сенің құндылықтарың қазіргі жасалған жағдаймен қарама қайшы болады. Мысалы, сен ауқатты өмірді қалайсың, бірақ оған жеңіл жолмен жеткенді қалайсың. Сенің құндылықтарың  әр түрлі бағытта жол тартатын болса, сол жолдан шыға алмай шырғалаңға түсесің. Сондықтан сенің құндылығың әр қашан қойған мақсатыңмен үйлесуін табу керек.

Сенің стратегиялық бағдарламаң  өз алдыңа қойған арманыңның, мақсатыңның, ішкі құндылықтармен үйлесіп ұлы жетістікке жету жолындағы  жоспарың.

Машина немесе самолетті белгілі бір жоспарсыз құрастыру мүмкінбе? Кез келген адамның жауабы, мүмкін емес. Ал жоспарсыз өмір сүруге болама? Мойындау керек, көпшілік қауым алдына ешқандай жоспар құрмай өмір сүреді. Сондықтан басым жағдайда сәтсіз, жетіспеушілікпен  өмір сүреді. Мен  «Әр күніңе сәтті қадам» блогымнан бұлақ суының көзіндей таза, жүректен жарып шыққан байлыққа бір қадам жақындататын стратегиялық жоспарларды ұсынамын. Сенің назарыңа қарыздан құтылудың оңай тәсілі, табысыңның  қомақты болу жоспарлары ұсынылады. Қомақты табыс байлыққа кенелгеннің белгісі емес, байлық – ақша мөлшерін сақтап, сақталған ақшаны  еселеп есеппен көбейту.Негізгі қабылдаған стратегиялық бағдарлама  бойынша қаржы жоспарын құрып, байлыққа жету кілтімен құлыптың аузын ашу. Саған айтарым өркендеу кілті өз қолыңда, тек қана сеніммен алдыға бір қадам бас. Тайға таңба басқандай шындық жолы мен түйсікті шыңдау үшін, шыдамды болуың қажет.Бұл жолдар өмірде ұзақ болуы әбден мүмкін. Күні ертең 3-4 жыл мерзімінде үлкен жетістікке жетеніңе сен. Сенің жеңісің менің жеңісім.

 

 

* келесі тақырып:  Сенде жауапкершілік бар ма?