Өмір менің жұмбағым,жоқ жауабы
жеке
блог

Өмір менің жұмбағым,жоқ жауабы

Өмір-көктем, өмір-күз ,өмір-жазым

Сезіп жүрмін жүректің мұң мен налын.

Өмір-қысым, аязым, аппақ қарым

Аппақ қарға түсіпті қара дағым.

 

Өмір-өзен,өмір-көл ,өмір-теңіз

Жалғыз өзім келемін бортта үнсіз.

Тек бір ойым мұхитқа жүзіп бару,

Сол өңірден өмірлік бақыт табу..

 

Өмір күрес күн сайын тұру,құлау

Өмір күлу,қуану не бір жылау

Кей сәттері өзіңмен өзің қалып,

Іштей ғана өкініп жалғызсырау.

 

Өмір менің көзімнің ақ-қарасы,

Өмір сүру шын бақыт деп қарашы.

Өмір менің таусылар құм сағатым,

Өмір менің жұмбағым жоқ жауабым