ӘР КҮНІҢІЗГЕ СӘТТІ ҚАДАМ №5
жеке
блог

ӘР КҮНІҢІЗГЕ СӘТТІ ҚАДАМ №5

Жағдайың қалай жас дос немесе өзіңе деген сенімің бар ма?

Ағайын, бір мезет өзіңіздің оптимизиміңізді ысырып қойыңыз. Сәл шыдамдылық көрсетіңіз  қазір мен мен барлығын түсіндіремін. Оптимизм – үмітсіздіктен алшақ болуға, барлық  іс - әрекетті  тек жақсы қырынан тануға көмектесетін санаңыздағы түйсік. Дегенмен, сенің басқа дем беруші сапалы кілттерің болмаса,  оптимизм өзінен-өзі саған кеудеңді жоғары ұстап,  ұнжырғаңды түсірмей жүреді,- деп айту қиын. Оптимизмді көбіне өзіңе деген сенімділік деп қате ой түйгендер де кездеседі.

       Оптимизм сізге іс-әрекетті тек қана жақсы қырынан көруге көмектессе, ал өзіңе деген сенімділік сізге жолыңдағы кедергілерді бұғалап,  жеңіс тұғырына көтеріп,  саған бір әсерлі күш, серпіліс береді. Өмір – тұла бойыңды толғантқан  жақсы әуенге толы симфония емес. Өмірдің келеңсіз жақтары бар екенін де естен шығармау керек.  Бірақ, қашанда өзіне-өзі сенген жан ғана шешілмеген күрмеу жіпті шешіп, дара жолда нық қадам басып өмір сүреді.  Өзіне-өзі сенген адамдарды табиғаттың дүлей соққан бораны да, өмірдің еселенген күйзелісі тоқтата алмайды. Өйткені ондай жандар кез келген кедергіні асау шуды қолға үйреткен шабандоздай өз ырқына бағындырып ұстайды.

       Ақша - өзіңе-өзің сенудің бірден бір негізгі  қалыптастырушы құралы. Егер сіз өзіңе сену қасиетін қалыптастырғыңыз  келсе, онда аспан төрінде самғап ұшқан ұшақты басқарған ұшқыштай  тапқан табысыңызды жүйелі түрде басқарудың қыр сырын үйреніңіз. Сізге қаржылық  басқарудағы  іс шараларыңыз «тайға таңба басқандай» анық көрініп, сіздің жолыңызда еш нәрсе кедергі болмайтынын сезіну керек.

       Қаржы төңірегіндегі  «жамаулар»  өзіңе деген сенімділікке кері әсерін бермеуге ұмтылу керек. Осындай сенімділік күші болмаса, сіз ең төменгі  өмір сүру көрсеткішінен арыла алмай өміріңізді опық жеп өткізесіз.  Сенімді болмасаң сен ата сақалың аузыңа түскенше шұғыл шешім қабылдамайсың. Сенімді болмасаң маңдайыңа біткен сор маңдайлықтан құтыла алмайсың.  Мен сені білемін, сен ондай өмірді қаламайсың. Тығырықтан шығар жол бар ма? Әрине, шешілмейтін жұмбақ жоқ, алынбайтын қамал жоқ. Ол үшін сен алдымен өзіңе тиселі ақша, өзіңе  еселеп келетін табыс көзі болуын қамтамасыз ететін шараларды меңгеру керек.  Яғни, сен ақшаға емес, ақша саған жұмыс жасасын.

        Ағайын, әр қашан жадыңызда жаттаңыз жыл сайын төрт кезеңді көретінімздей,  өмір де бірнеше кезеңнен тұрады. Сен білесің, жадыраңқы жаздың күн шуағымен масаттану үшін, алдымен әр қайсымыз қаhарлы қыстың ызғарын сезіну керек.  Олай болса, қаhарлы қыста мәңгі емес екенін жадыңыздан шығармаңыз.

        Ал сенің жағдайың қалай жанашыр дос немесе өзіңе деген сенімің бар ма? Көңіліңе қонатын қанағаттандырлық өмір сүруде боларсың? Сен табысым қомақты болса, байлыққа жету уақыт еншілігінде дейсің бе? Ал, енді қомақты қаржы үрдісінің соңғы үш жылдағы көрсеткіші қандай? Сіздің өсу немесе артқа шегіну  деңгейіңіздің  соңғы үш жылдағы нәтиже көрсеткішін дәл қазір жазыңыз.   

 

________________  тенге.

         Көрсетілген нәтиже сізді  қатты толғандыратыны анық. Егер сіз қазіргі таңдағыдай іс шаралар жасайтын болсаңыз, үш жыл өткен соң да, баяғы жартас сол жартас болып, еш өзгеріссіз бейнетпен өмір сүресің. Сіздің бұндай жағдай көңіліңізді қынжылтатыны анық, ал оң шешімді болу үшін әрекет жасау керек. Сіз өзіңізге жаңа жол дайындау керек, ал ол жолдың бастамасы сіздің жақсы ойыңыз.

        Сіздің бүгінгі жағдайыңыз ұшқыр ойыңыздың нәтижесі. Егер сен тез арада өз ойыңды өзгерпесең, арманыңыз елестеген сағымдай көз алдыңызда елес береді.

        Сіз ақша туралы не ойлайсыз? Егер сіз «ақша бар жерде албасты бар»  деген мағаналас сөздерді көп қолданатын болсаңыз, онда  жақсы өмір сүруге еш мүмкіндігіңіз жоқ екенін түйсігіңмен түсіне біл.

       Сондықтан ағайын, өмірдің сан қилы құпияларын меңгеріп, ойымызбен сан-саққа жүгірмей, жайлауға киіз үй құрғандай  әр қашан қонар орнымызды біліп, шаңырағымызды биікке көтеріп, керегесі  берік нық қадам жасап, нақты іс шаралар жасайық. Сонда ғана арманыңа жетіп, көңілің жай табады.         

 

 

                 

* келесі тақырып:  Өмірдің бес бағыты және ақшамен жұмыс