«Кіші Швейцария»

Әлем әсемдіктен тұрады. Әсемдік жердің табиғатына да байланысты. Осынау сұлу табиғатты бойына сіңдіріп жатқан әлемде көптеген елдер бар. Дегенмен, соның ішінде, табғиғаты бай, төрт құбыласын төрт жақтан тау қоршаған, бір емес оннан аса ірі көл мен бау-бақшаның ортасында орналасқан, жері шұрайыл, жерұйықтың бірі-Швецария.  Тек қана табиғаты мен ғана емес, туристерді өзіне тарту, жақсы көңіл-күй мен демалыс сылйлау жағынан әрі сағат жасау елдер қатарынан оза шыққан бұл елдің қасиеті не де деп ойлау үшін, сол елдің түбегіне түсудің қажеті шамалы. Сары даланы мекендеп жатқан, қазақ жерінде де «кіші швецария» атанып жүрген мекендер қанша ма?! Солардың бірі – Текелі моноқаласы.

   Моноқала деп отырған Текелі қаласы бұл атаққа елбасының соңғы жылдары жасаған ірі 86 елді мекеннің 27-і моноқала атанған болатын. Солардың ішінде табиғаты мен туристік әрі өндірістік жағынан көшбастап келе жатқан осы қала.

    Жоңғар алатауының бөктерін бойлай жатқан Текелі қаласының табиғаты көз тартарлық. 1911 жылы іргетасы қаланып, 1927 жылы кент дәрежесіне жеткен. Талдықорған қаласынан 33 шақырым жерде орналасқан. Жазда аптап ыстық болмайтын, қыста қақаған аяқ болмайтын, шөбі шүйгін, таулары биік, өзендері( Чажа, Қаратал) де тасты-тасқа ұрып тасып та тынып та ағатын, бау-бақшалы, жемістің түр-түрі өсетін Текелі қаласы бүгінде туристік елді мекен қатарына енді.

  «Кіші Швецария» атануына себеп болған таза ауасы мен көрікті жерлері.

Жыл сайын біздің елдің бокстан әрі ауыр атлетикадан әлемдік додаға түсетін сопртшыларымыз, Илья Ильин, Мая Манеза сынды осы Текел қаласының таулы аймағында орналасқан, санаториядан барып дем алып, шынығады. Бұл ғана емес,  500 адамға тарта жасалған 4 жарым метр тереңдікке дейін салынған тегін хауыз бар. ТМД-дағы ең ұзын көше атауын алған Д.Қонаев көшесі де осы қаланың кіре берісінен басталып, қаланың соңы тауға тірелгенше жалғасады.  Таудың суын жоталай ағып келетін сарқырама да бар. Бұрханбұлақ атанған сарқыраманың биіктігі 90м. Бұл сарқыраманы көру үшін  жыл сайын Қазақстанның әр жерінен келетін туристер де бар. Түптеп келгенде тек қана демалу мақсаты емес, зерттеп білу мақсатында келіп жатады. Жетісу «Алтын адам» табылған елді мекен болған соң, мұнда өзге ел мен өз жерімізден келетіндер көп.

   Өзге елдің өзенінде шомылып, Швейцарияға барамын деп ат басын тарта бергенше, өзіміздің елдің « кіші Швецариясына» ат басын бұрыңыздар. 



Бөлісу: