МАССАГЕТім... «Уже» сағындым

МАССАГЕТім... «Уже» сағындым
жеке
блог

Алдыңғы блогымда көп нәрсе жазғым келді. Тым ұзақ болып кетпесін, әрі барлығы оқиды ғой, құпиялар ашылып қалмасын деп, цензуралап жазған сиқым еді. Кей кісілер тоймай қалыпты. Барлығыңызға жеке-жеке хат та жазып кететін ойым болған, ұялдым)) Ішімде қалып қойғанын жайлап шығарып көрейін.

Өмірбек. Мен оны МАССАГЕТтің екі жылдық кездесуінен бері танимын. Қызы  Нұржамалмен Өмірбектен көрі жақсы араласып кеттім. МАССАГЕТке келгенде өзін жақынырақ таныдым. Спорт, үшін, МАССАГЕТ үшін түн ұйқысын қиып, материалдарын дер кезінде шығарып отырады. Тапсырмаларды да екі етпей орындайды дегенде Өмірбектің аты аталады.

Еркебұлан. Бұрынғы «дебатқа қатыспа (өзіңдікін дәлелдеймін деп ұрысқақ болып кетесің), құмар ойындарға, желілік маркетингтерге жолама, т.б. деп студентке кеңес беретін», «досын мына өмірде не бітіріп жүрсің деп грузить етіп жіберетін» блогтарын оқыған кезімде ол адамды өмірімде көрем деп ойламайтын едім. Еркебұланды бірінші рет МАССАГЕТ үшке толған туған күнінде көрдім. Көп үндемейді, бір сөйлесе елдің бәрін аузына қаратады. Сол күні ер адамның аз сөйлеуі тартымды көрінеді екен, миы қатты істейтін болуы керек деп түйдім... МАССАГЕТке келгенде ең басында бірдеңе бүлдіріп алдым..) Жаман ыңғайсыздандым. Ұрспаса да сөйлейтін шығар, кейитін шығар дедім. Жоқ, дым реакция жоқ! Құдайым-ау, осындай сабырлы адам да бар екен ғо.

Мейіргүл. Дүниедегі мақтау сөздің бәрі осы адамға арналған шығар. Оның образын ашуға Ерболдың да, Шерханның да тілі жетпейді. Мақпал Сембай, Қарлыға, Мейіргүл, т.б. қыздардың жігітсіз жүргенін көріп, «Осындай жақсы қыздарға неге жігіт жолай алмайды. Бірі соқыр, бірі тормоз, қасқа жігіттер-ай» деп қынжылатын едім. Жігіттері барын еситіген кезімде кәдімгідей қуандым. Сондай бақытын адаспай тапқан жезделерім үшін шын қуандым. МАССАГЕТ деген Мейіргүл, Мейіргүл деген МАССАГЕТ қо енді, оны мектептен танимын. Бірінші рет журфактағы кездесуде көріп мәз болдым. МАССАГЕТке келгенде ешкімге айтпаған сырымды бірден Мейіргүлге ашып қойдым. Соншалықты сеніміме ие болғаны ғой. Материал жазғанда да Шерхан сияқты бірдеңе айтып қадап тастамай ма, ұрсып жібермей ме, жыны келіп кетпей ме деп жазып алып дірілдеп отырмай, кез-келген затты еркін сұрай аласың. Қысқасы, «жігіт болсам, қайтсем де сындырып алар едім», дейтін қыздарымның тізімінде.

Қарлыға. Ең басында МАССАГЕТте розовый кофтамен түскен суреті тұратын еді. Не деген тәтті қыз деп ойлайтын едім. Қарапайымдылық, қамқорлық, қазақ қызына тән ұяңдық, биязылық түрінен-ақ төгіліп тұрады. «Менің де» апам сияқты.

Жолдас. МАССАГЕТтің үш жылдығында мафия жүргізгенінде дауысына тәнті болдым. Соншалықты көп білетіндігімен, жан-жақтылығымен, ағылшынымен де таң қалдырды. Тәржімада бірдеңе болса, содан сұраймын, күшті аударады. Орнымен салиқалы сөз, орнымен әзіл айта біледі.

Нұрбол. (Оқылды, өшіріліді) )))

Ернар. МАССАГЕТтің үш жылдығында көрдім. Одан кейін 27 сәуір күні айтыста көрсем,  «Сәлем, Әсел» дейді. Мәә, менің тани ма не деп таң қалдым. Сөздерінен, ойларынан өте қарапайым, аса жақсы адам деп таныдым. Түсірген видеолары да жоғары бағама ие. Қыздардың өзімен ерекше амандасқанын қалап: «Жақсымын, өзің қалайсың, Қарлыға?», «Әсел, өтіріктен холодильникке келген болып амандасып кетуіңе болады» деп жүреді. Қатырады, я? ))

Ақтоты. Түріне қарап отыра бергің келеді. МАССАГЕТке келгелі ақыл айтып, білгенін үйретуден жаңылған жоқ. «Үйде сіңлілерім болған соң ештеңе істемейтін едім, енді үйреніп жатырм» деді бір сөзінде. Бәрібір тәрбие фундаменті мықты құйылғаны, көргенді қыз екені көрініп тұрады.

Жасұлан. Енді оған деген махаббатымның қандай екенін білесіздер ғо. Сезім деген жариялайтын нәрсе ме? Сіздердің көздеріңізше мақтамаймын ғой деп қойшиш))) Жұмыс үстелі қопырап тұрады. Жинап тастайын десем, Бауыржан Момышұлы ұқсап «Мой беспорядок – это мой высший порядок» деп ұрса ма деп ойладым))) Генеральный уборка болады деп едім, сол күні жинап тастады. Басқа кезде дұрыстап сөйлеспейміз де, көрмейміз де. Міне, біздің махаббат хикаямыз)))

Фариза. Сіздер мінезіне, қылықтарына, сөздеріне қанша жерден тиісіп, прикол ұстасаңыздар да, мен оны жігіт болсам сыныдырып алатын қыздарымның қатарына қосар едім. Тәрбиесін, адамгершілігін жоғары бағаласаң, қандай мінезі болса да көтеруге болады. МАССАГЕТтегі алғашқы материалдарын оқып жүріп, бірден Ақтаудың қызы сияқты деп ойладым. МАССАГЕТтің үш жылдығында шынымен Ақтаудың, тіпті Бейнеудің қызы екенін біліп, мәз болдым. Содан кейін 14 ақпан күні Ұлттық кітапханада көріп қалып едім, бір жігіт рафаэлло мен гүл ұстатып кетіп қалды..) Менің МАССАГЕТке келуіме бірден-бір себепші десем де болады. Мыжып, басын қатырып What’s App-қа күнде жазып жүріп, келдім ғо әйтеуір.

Бауыржан. Екі жыл бойы бір жатақханада тұрдық. Үлкеен адам сияқты көрдім бее, дым сөйлеспейтін едім. МАССАГЕТке келгеннен кейін де біраз уақыт сөйлескен жоқпыз. Ол туралы пікір қалыптастырып үлгерген жоқпын. Жақсы адам болуы керек, Жақсымбет қой.

Ерболат. 1 сәуір күні собеседованиеге келе жатқанда көрдім. Еркебұланнан: «Бәрін таним, бір бейтаныс жігіт жүр ғо?» - деп сұрап едім, «Ерболдың інісі ғо» деді. Ерболат деген осы ма деп фоторепортаждарын қарай бастадым. Фотолары керім, еще тіл байлығы да мықты. Көп сөйлей бермейді, сөйлесе күлдіре алады не ойландырады. Мен осыған дейін өзінен 1-2 жас үлкен жігітке «сіз» деп сөйлейтін жігіт көрмеппін. Ағасына, басқа ұжымдастарына деген соншалықты зор сый-құрметіне тәнті болдым. Анасы педагог екенін айтқызбай білуге болады.

Шерхан. Мен бірінші курс оқып жүргенде журфакта ақындар мүшәйрасы болды. Содан бері шығармашылықтарын бақылап жүрдім. Поэзиясы мықты, прозаны да жазайын десе, түбін түсіреді. «Шерхан жол бойы әңгіме айтып барды. Бұрын көргенде сәлемнен артық ештеңе демейтініне өркөкіректеу не мені жақтырмайтын болар деп болжаушы едім...» (01.05.15) деп тағы «Потеря болып қалмасын деп айтып қойып жатырмын деп собеседование жайында берген кеңестерін жазып қойыппын күнделігіме. Жай күнде ойнап-күліп, жайдары жүргенімен, жұмыста қатал редактор. Ер адамның жуас, боркемік болмай, орнымен қаталдық танытып, ықтырып отырғаны жақсы ғой.

Ербол. «Тәттісі соңында». Бірінші курста СтудКеңес іс-шараларында жиі көріп тұрушы едім. Бір қыздарға жабысып жүреді, өөй бабник екен ғо деп қоямын))) Сосын өткен жылы «Қашықтағы ғашықтықтан» Жапырақ екеуін көріп, бір-бірін жақсы тапқан екен деп қуандым. Оңбаған дә, Жалғыз Жапырағына қоса жұмыста тағы екі қызы бар. Жапырақтың «бәріне рұқсат беріп қойған» парасаттылығына риза болдым. МАССАГЕТте ең еркін араласа алатыным Ербол болып кетті. Ағам сияқты. Үнемі күлдіріп отырады. Біресе Жасик деп, біресе келін деп бір шешімге келе алмай жүр. Кейде отырып-отырып салмақты әңгіме бастап кетсе де күлкің келеді. Бір түрлі, үйреншікті жағдай емес. Қисық сөйлеп, Қожанасыр болып, Жапырағының қадіріне жетіп, аман жүрсін тек. Мақтауы жетіспей қалды, я? Өзі сияқты тіл байлығымыз жоқ енді.

Адам өліп қалған соң барып, «жақсы адам еді-ау» деп артынан естелік жазып отырмай, жақсының жақсылығы уақытында жызылғаны дұрыс болар.

Әрқайсысыңызды «болашақта менің ұлдарым мен қыздарым дәл осындай болса екен» дейтіндей дәрежеде жақсы көрем. Бір ортада міндетті түрде ұнамсыз адам болады ғой, сіздерден ондай кездеспеді. Ешқайсысыңыз туралы бір жағымсыз пікір айтпай, біреу бірдеңе десе ақтап алатыныма, әрдайым мақтап жүретініме сенімді болыңыздар!