Ноталардың толық атауын білесіз бе?

Ноталардың толық атауын білесіз бе?
Фото: http://pictar.ru/

До, Ре, Ми, Фа, Соль, Ля, Си ноталарын кім ойлап тапқанын, олардың не мағына беретінін ойланып көрдіңіз бе? Бүгін біз сіздерге осы жайында айтамыз.

Ноталарды бідің заманымызға дейінгі 990-1160 жылдары өмір сүрген монах Гвидо Аретинский (Гвидо д'Ареццо) ойлап тапқан. Гвидо шіркеу хоры мен музыкадан сабақ берген. Ол Италияны шарлап, XIX ғасырда Рим Папасы Иоаннмен кездескен. Көп еңбектің арқасында ноталарды өмірге әкелді.

Бір күні Гвидо таныс емес өлеңдерді жаттаудың жолын іздейді. Сол кезде ол Иоанн Кристель дұғасының акростихі (жолдарының алғашқы әріп­тері сөз не адам атын құрайтын, әдетте арнау түрінде болатын өлең) негізінде сольмизация жүйесін ойлап табады.

UT queant laxis
REsonare fibris
MIra gestorum
FAmuli tuorum
SOLve polluti
LAbii reatum
Sancte Ioannes

 

Алғашқы нота - ut дауыссыз дыбыспен аяқталғандықтан, оны айту ыңғайсыз. Сондықтан, алғашқы нотаны do (латынның Dominus - Құдай сөзінен шыққан) деп ауыстырады.

Нотаның заманауи интерпретациясы:

Do – Dominus – Құдай;
Re – rerum – материя;
Mi – miraculum – ғажайып;
Fa – familias рlanetarium – ғаламшарлар жүйесі;
Sol – solis – Күн;
La – lactea via – Құс жолы;
Si – siderae – аспан.

Гвидоның беделінің арқасында латынның әріптік нотациясы шығыс Еуропада кеңінен таралып, кейін бүкіл әлемді жаулады. Ол қазірге дейін қолданылып келеді.

 
М. Бисембаева