Махаббат деген жәй ғана эмоция!

Махаббат деген жәй ғана эмоция!
жеке
блог

Бейбіт еліміздің теңдесі жоқ айғағының бір көрінісі – елтаңба. Қазақтың даралығымен даналығының көркем бейнесін суреттейтін елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков.

Тәуелсіздік жолында өз үлесін қосып, мың шақырымды артқа тастап елтаңбаны еліміздің төріне жеткізген. Ұлттық идеяны нақышына келтіре отыра, сапасын жақсартып, тарих пен дәстүрді үндестіре білген елтаңба біздің көз алдымызда жайнап тұр. Еш өзгертуді талап етпей алғашқы қалпында қазаққа ұсынылды. Жас ұрпақтың үйреніп, үлгі алатын қарияның жастарға айтар кеңесі мынандай: Жандарбек Мәлібековтың қазіргі өскелең жас ұрпаққа айтар кеңесіңіз қандай? деген сұраққа өз жауабын берді. Адам өзін-өзі жалықтырмай жаңаша дүниені танып отыруы қажет. Неге десеңіз қайталана берген дүние адамды тоқырауға әкеледі. Сондықтан әр уақыт ізденісте отыруы қажет, себебі адамның ми қайталана берген заттан жалығады. Өмірде танудан, жаңашылықтан қорқуға болмайды! Адам тіпті біреуге ғашық болмайды, сол адамның сыртқы келбетімен, оның іс-әрекетінен әсер алады. Осы тұста сізге сұрақ қояр сұрағым махаббатқа сенбейсіз бе? Жандарбек Мәлібеков сәл жымия маған махаббат бұл жай ғана эмоция деп қысқа қайырды. Неге, сіз сонда ғашық болып көрмедіңіз бе? Жалпы адам ғашықтық дегеннің өзін түсініп алуы қажет. Менің түсінігімде бұл жай ғана уақытша алатын әсер. Сол сәтте адам екінші жанның келбетінен алғаш сырттай әсер алып, ұнатады. Осы сәтте әңгімемізге жанымызда тұрған кісі қосыла -бойжеткеннің махаббаттан хабары болушы ма еді?! деп өз сұрағын төтесінен қойды. Жандарбек Мәлібеков:Махаббат үлкен кіші деп бөлмейді. Махаббат жүрекпен белгілеп таңдайды.Сондықтан бұл жерде әр кісінің өз түсінігі болады деп жауабын айтты. Махаббат жәй ғана эмоция болса, ол өткінші сезім бе? Уақыт өте сезімдер суы мүмкін ғой.. Ия әркімде әрқалай, деседе адам эмоцияның күшімен барлығын өз жадында алғашқы күйде сақтайды, сондықтан сол сәтті еске алғанда эмоциялары есіне түсіп, ғашықтығы оянады. Бірақ бәрінде олай емес екенін ұмытпаған жөн. Махаббат ол әртүрлі болып қабылданады, әркімнің өз шындығы болады, әлі сенде өз махаббатыңды кездестіре түсінерсің деп өз ойын білдірді. Шынымен адамның жаны жаңашылдық пен ізденісті талап етеді. Махаббат әсер болуы мүмкін, әркім өз қалауын жасайды. Махаббатты жәй ғана эмоциямен салыстыру, кей жағдайда бәлкім қисыны жоқ дүние болса, кей жағдайда шынымен адам ғашық болған кезінде мың түрлі өзгерістер мен эмоциялардан өтеді. Махаббатты сезіну мен түсіну өмір мен уақыт емшісі.