Махаббат - өмір өзегі

Махаббат - өмір өзегі
жеке
блог

Махаббатсыз -күнің бос демеуші ме еді?! Иә, расында солай. Мына қысқа ғана ғұмырда-махаббатсыз кеңістікті елестету мүмкін емес. Махаббат әлемді алақанында әлдилейді.Олсыз ешбір нәрсе қызық емес көрінеді. Әрбір саналы жан өз өне бойына бұл ұлы сезімді қондыра білсе игі.

Махаббат-қос жұпты қос егіздейді, екі досты біріктіреді, отбасының бақытты болуына септігін тигізеді. Отансызды-туған жерін сүюге үйретеді, қадірсізді тәубесіне келтіреді. Қатқан жүректерді жібітеді. Қай ақынды қарасаңыз да өз өлеңінің бастауын-махаббаттан бастап, махаббатпен аяқтаған. Бұл-өмірдің заңы.Оны ешкім де ешқашан да сөндіре алмайды. Ұлы сезімнің түп тамыры-сүйіспеншілік пен мейірімділікте жатыр. Махаббатсыз жасалынған әрбір дүние нәтижесіз, ғажабы жоқ, нәрі солғын. Махаббат қана салынған жараға жамау болып, солған өмірге өрнек сыза алады.

Өмір-жалпы кімдерге қызық? Әрине өмірді махаббатпен сүре білгендер мен осы бір нәзік сезімнің арқауын түсінгендерге қызық. Жамандықтан аттап, жақсылыққа бапталғандар мен махаббатпен жолын жасағандарға қызық. Тағдыр тәлкегіне күресе біліп, шыдағанға, махаббат үшін бәріне де төзгенге қызық. Әйтсе де, бұл бәрінің қолынан келе бермейтін дүние. Себебі: әлсіздік атты әлжуаздық адамға махаббатпен әрекет етуіне тосқауыл болады да тұрады. Тек ерік-жігерін жинап, айналасына шуақ шаша алатын жан ғана-махаббатпен дос бола алады.           Махаббат-атты жалын отты жүректе мәңгілік сақтау арқылы ғана, өмір өзегін ұғына аламыз. Махаббат-бесігі баршаға ортақ бесік жырын айтады. Сол бесік жырында кіршіксіз болайық,-дегім келеді