Қадам қай тараптан?

Қадам қай тараптан?
жеке
блог

          Махаббат,махаббат.Бiрақ,сол махаббаттан бұрын ұнату,жақын тарту,бауыр басу сияқты сезiмдердi сезiну керек.Көңiлiң сол жанда болып,алабұртып алаңдап жүрсең де оны ғашықтық деп айтуға келмейдi.Ғашықтық,екi адам бiр-бiрiнiң жақсы-жаманын,бар-жоғын жiтi бiлiп таныған соң туады.Жаман жағын көрiп көз жұмсаң,жақсы жағын көрiп ұнатсаң,кемшiлiгiн бетiне баспай ақылмен үйретсең,мiне сонда ғашықтық басталады.Ғашықтықты қойшы,екi жан арасындағы басқаға беймәлiм сыр алған сезiм ол...

         Ал,осының бәрiнiң басын буып түйетiн "бiрiншi қадам" ше?Бiрiншi қадамды ер балаға жасау оңай.Оңай дегенiм,қыз балаға қарағанда ер жiгiттерге әлдеқайда оңайырақ қой...Ұнатып,сөз салғанда бас тартса я жарты жолдан тастап кетсе,ол жiгiтке емес қызға сын.Жiгiтке емес,қызға ұят...

        Бiрiншi қадамды қыз жасаса қалай?...Көп қыздарға ол ұят тiрлiк.Ер баланың басында құстың тұмсығындай титтей парасат-пайым болмаса,қызды жер етедi,сөз етедi...Бұл жағы жiгiттерге тiкелей байланысты.Қыз егер шын жақсы көрiп,екiншi қайта дәл осындай жанды кез қылмасына және "өзiнiң адамын"кез қылғанына көзi жетсе қадам жасауына болады ғой.Қыз сүйсе,оны бүкпей көрсетсе несi айып?...

        Мен таңқалып та,қызығып та қарайтын қыздардың бiр тобы осылар.Басындағы бағын өздерi ұшып жүрген жерiнен қондырып алады.Бiр қыз айламен,бiр қыз сөзбен,бiр қыз қылықпен,бiр қыз оңтайлы сәттердi уысынан шығармай жеткiзiп жатады.Себебiн сұрасаң,өмiрге бiр-ақ рет келетiнi.Кейiннен не сүйгенiн айта алмай,не сүйгенiмен бiр бола алмай арманда кеткенше,сол жанмен бiр армандауды құп көредi.Жалпы,бiрiншi қадамды ер жасаса емес,жасауы заңдылық.Алайда,қыз бала жасаса ол жанның сезiмiне күмән жоқ.Не дегенмен әр қыздың бойында болатын ұят,ұяңдық,сөз болады дегендi жеңiп,қорқынышын басқаны мақтауға тұрарлық дүние.Мен үшiн арнаулы принцип жоқ.Сүйген жанға жүрегi-би...Әркiмнiң өз бақыты өзiнiң қолында...