Бойжеткенім, жыламағын...

Бойжеткенім, жыламағын...
жеке
блог

Өмір деген қызық нәрсе ғой. Бұрындары "қызық жерін сызып қой " деп айтушы едік, естеріңізде ме?

Қызығы көп болғаны жақсы, әрине. Денгенмен, бұл өмірдің сәтсіз сындары көп екен. Оның өзі өткінші болғанда, "қызық" болып қалар, бәлкім...

Негізі, бұл бес күндік жалғанда қыз баланың жүгі ауыр екен. Қыздар мені жақсы түсінер, ал жігіттер олай ойламайтын шығар. Дегенмен, біз ғой "азамат" деулері мүмкін. Бірақ, сол "АЗАМАТ" деген сөзге қайсыңыз лайықты әрекет жасап жатырсыз? "МЕН, МЕН" деп ешкім айта алмас, мүмкін саусақпен санарлығы бар болар. Әй, қайдам... Кейде "жігіт" деген атаудан алыстап бара жатырсыздар ма деп ойлаймын. Жалпы, атау бергенде қателескен-ау, қазағым. Әрине, тарихта тұлғаларымыз жетеді. Бірақ, олар "ЕР" деген атқа лайық. Абыроймен алып жүрген өткеннің батырлары. Ал, қазіргілер ше? жоқ...жоқ...

Айыптай көрмеңіздер, мен көріп жүрген әлемнің шындығы осындай. Мүмкін ашу үстінде жазып отырған шығармын. Сонда да оқып көріңізші

Махаббат-ғажайып сезім ғой, шіркін. Бір-біріңді ұнатасың, қыйналғанда жұбатасың, қуанғанда қол ұстасып алға ұмтыласың. Арасында келіспеушілік, ашу, ыза, қызғаныш, кейін қыймастық, сыйластық, құмарлық... Осы бір "құмарлық" деген қыз бен жігіттің арасына көп сызат салады. Қалағанын алады да кетеді. (түсінгенге) Әрі қарай түсінікті шығар. Сорақылықтарды жазғым келмейді! Себебі, АЗАМАТ атына лайық емес крутой ЖІГІТТЕРІМІЗГЕ Алданып қалған талай қара көз қыздарымызды көрдім. "Тастамаймын, саған үйленемін, мәңгі бірге боламыз" деген сиқырлы сөздерін айтып алып, соңында ШАРШАДЫМ сенен дейтінін қайтерсіз. Шын СҮЙСЕҢ үйіңнің табалдырығын адал таза арымен аттауына мүмкіндік берер едің ғой, намысшыл ұланым-ау) Заман-ай емес, адамдар-ай...

Қайтейін, соңында жылап қалатын қыз байғұс( Неге екенін білмеймін, қыздардың жан айқайы мені қатты алаңдатады. Жанымда жүрген құрбыларымның, таныс қыздардың болсын барлығының басында түрлі оқиға. Бәріне ақыл айтып, білгеніммен бөлісіп, шама келгенше бағыт-бағдар беруден шаршамаймын. Бәрі мені жеке психологы етіп алған, қазір. Көмегім тисе қуанамын ғой. Көп нәрсе айтып, көп нәрсе жазғым да келеді. Тек қыздарға арналаған. Сырласуға, мұңдасуға, мотивация беруге дайынмын. Сондықтан, қыздар арнайы тақырып не жеке көмек , кеңес керек болса қысылмай жазуларыңызда, айтуларыңызды сұраймын. Нәзік жандылардың жанын нәзік жанды адам ғана түсінеді ғой.

Сонымен, махаббат шегіне жетеді, жоқ, жігіт қызды алып қашамын дейді. Қыз келіседі. Бұл әрине бақыт. Бірақ, жеме-жемге келгенде қыз емес жігіт ойнынан айнып қалса не істейсіз? Мұндай нәрсе болады екен. Естіп, көріп таң қалғанымды жасыра алмаймын, әрине. Себебі, куәгер де болғанмын мұндай оқиғаның шет жағасына. Бұдан кейін кімді кінәләйміз? Себебі болып, кейінге қалдырса жақсы. Тек, "шаршадым сенен" деген сөзге ауыздары барып айтатындар шығыпты-мыс. Дайыдалып жүрген қыздың жағдайы не болмақ? ОЛ үміттеніп, бұйырса бақытты боламыз,арманымдағы ақ көйлекті үстіме киетін боламын деп жүргенде, бір-ақ ауыз сөзбен үстіне мұздай су құйып жібергендей, әлгі ойлаған армандарын парша-паршасын шығарғанда сен не ойладың, БОЗБАЛА? Жүрегің неге МҰЗ?

Бұдан кейін ол қыз қалай жігіт атаулыға сенеді? Қалай мен бір үйдің келіні боламын деп армандайды? Тұрмысқа шығып, ана атанамын деген арманынан да айырылып қалады ғой. Себебі, ол қорқып қалды, үміті үзілді, өмір сүруден қашты...

Басыңнан қандай жағдай өтсе де, мұқалмағын. Мейлі, жыла, құла, сүрін, бірақ ЖЕҢІЛМЕ, БЕРІЛМЕ! Тек қана ӨЗІҢЕ сен, алға ұмтыл, АЛҒА ЖҮР! Есіңде болсын, ЖІГІТ үшін ешқашан ЖЫЛАМА! Себебі, ол сенің көз жасыңның бір тамшысына да тұрмайды, татымайды. Ол ЖІГІТ болса, сені ЖЫЛАТПАС еді!

Бәрі өткінші, өмірдің өзі өткінші. Сондықтан, БОЙЖЕТКЕНІМ, жыламағын...