Күтесің бе?!
жеке
блог

Күтесің бе?!

Ақ нөсер бүркеген шақта,
Бұлбұлдар сайраса бақта.
Қара көрпесін лақтырып таң,
Бозарған сәтте, күтесің бе?!

Тау басын мұң шалғанда,
Дүния жалғыз қалғанда.
Көл суы бура болғанда,
Жағасында, күт мені.

Жұлдыздар жымыңдағанда,
Әзірәйел санаңда шулағанда.
Ұйқыңды ұрлағанда,
Дұға тілеп, күт мені...

Жапанда жалғыз болсаң,
Суықтан үсіп, тоңсаң.
Шөлдеген гүлше солсаң,
Жылу беремін, күт мені..

Аспан қаһарға мінсе,
Қара бұлт көшіп жүрсе.
Түспесін сендік еңсе,
Мазалансаң, күт мені.

Кеш қалсам уақытымнан,
Өмірден тағы ұтылам...
Мейлі өз еркің, күтесің бе,
Мені әкетсе ұшырып қара тұман?!

   © Нұрлыхан ЖҰМАХАН