Латын әріптерімен қазақша жазудың ыңғайлы жобасы V4
блог
1 |
Aa |
а | 17 |
Mm |
м | |
2 |
Ââ |
ә | 18 |
N n |
н | |
3 | Bb | б | 19 |
Ņņ |
ң | |
4 | Cc | ш | 20 | O o | о | |
5 | Dd | д | 21 |
Ô ô |
ө | |
6 | Ee | е | 22 | P p | п | |
7 | Ff | ф | 23 | R r | р | |
8 | Ĝ ĝ | ғ | 24 |
S s |
с | |
9 | Gg | г | 25 | T t | т | |
10 | Hh | h | 26 | U u | ұ | |
11 | І і | ы | 27 |
Ûû |
ү | |
12 | Î î | і | 28 | Ww | у | |
13 |
J j |
ж | 29 | Xx | x | |
14 | Ķķ | қ | 30 | Vv | в | |
15 | K k | к | 31 |
Y y |
й | |
16 | L l | л | 32 | Z z | з |
Кейбір дыбыстардың таңбалары неліктен көрсетіліп отырған түрде алынғаны туралы түсінік берейін.
1. Латын әріптерінің оқылуы европа елдерінің сөздеріндегі дыбыстарға барынша ұқсас;
2. Барлық әріптер дүние жүзі қолданып жүрген әріптер мен таңбалар кестесінде бар әріптер;
3. Барлық жіңішке дыбысты төбесіне сызықша қою арқылы белгіленеді. Математикадағы вектор ұғымына қарсы келмеуі үшін сызықшаны доға түрінде қойған жөн. Нүктелердің санына байланысты оларды бір не екі дәрежелі туынды деп қате түсінуі мүмкін болатындығынан нүктемен белгілеу де жарамайды;
4. Латынның c әріпі 30-шы жылдардағы қазақ жазуында бұл әріп ш болып оқылған;
5 «Ņ», «ņ» таңбалары «ң» дыбысын алмастырды;
6. Кейінгі жылдары «қ» дыбысын «q» арқылы белгілеу үрдіс алып келеді. Бірақ ағылшын тілінде «q» жіңішке айтылатын дыбыс. Бұл бара-бара «қ» дыбысының жіңішкеруіне себепкер болуы мүмкін. Сондықтан оны «Ķ», «ķ» таңбаларымен белгілеуге болады. Мұндайда «ғ» дыбысын «Ĝ», «ĝ» әрпімен таңбалаймыз;
7. Фейсбуктағы Қанат Мырзаның ұсынысымен дауысты «ы» дыбысы «і», «і» дыбысы «î», ал дауыссыз «й» дыбысы «y» таңбасымен, дауысты «ұ» дыбысы «u», «ү» дыбысы «û», ал дауыссыз «у» дыбысы «w» таңбасымен белгіленді;
8. «f» таңбасы «ф» дыбысын, ал «v» - «в» дыбысын белгілейді. Олар басқа тілден енген сөздерде және аты жөнімізді жазу үшін қолданылып жүр;
9. «h» және «x» таңбалары басқа дыбыстарды белгілеуге қатысқан жоқ, сондық кирил жазуындағы «һ» және «х» дыбыстарын белгілейді.
10. «И», «я», «ю» әріптері жобаға кірмеді. Бұл жобаны енгізу барысында соңғы 50 жылда жасалған қазақ емлесіне қайшы келіп жүрген қателіктер түзетілуі тиіс. Мысалы «сою» сөзі оның түбірінен таратылып «сой» + «ыу» = «сойыу» болып өзгертіліп «soyіw» болып аударылуы керек. Сол сияқты «суса», «сиыр», «мая», «ою» сөздері сәйкесінше «suwsa», «sіyіr», «maya», «oyіw» болып аударылуы керек.
11. Тілімізге жат дыбыстарды білдіретін әріптер («ц», «щ», «ъ», «э», «ч», «ь») қатысқан басқа тілден келген терминдер өз тіліміздің барлық заңдылығына сәйкес икемделіп алынып аударылуы керек.
Сөйтіп бұл жобада қазақтың барлық дыбыстары латиницада жеке таңбалармен қамтылды.
Қазақ әліпбиін ұтымды, озық түрде жасасақ, бұл біздің латын әріптеріне көшуде кешігіңкірегеніміздің есесін қайтаратын, еңсемізді көтеретін, жазуларын әлі ауыстырмаған туысқандарға үлгі болуға жарайтын тамаша іс болар еді.