Black Panther (Пантера)

Black Panther (Пантера)
жеке
блог

❓❓Дорога на Эльдарадо деген мультикті көрулеріңіз бар ма? Міне сол мультфильмде маған Эльдарадо деген алтыннан жасалған қала халықтың арман-қиялынан туғандай болып көрінді. Мүмкін солай да шығар, дәл Ваканда сияқты. Екеуін байланыстыруы да сол шығар.

⭕" Я принц - Т'Чалла,  сын Короля Т'Чакка.

Я - Тор, сын Одена"⭕

Бұл марвелдің өзіне тән қасиеті. Батыр бойындағы ата-бабасынан тараған қасиетті көрсету керек деп біледі. Бұл қайталанса да орынды. *Таққа талас үшін күрес, ол кейбір адамдардың ішінде жасырын жатқан ойларынан шығады. Арам ой, мысалы. Ол ойлар қызғаныш пен көрелалмаушылықтың арқасында ала ауыздық туғызады. Біз бұны ең алғаш рет марвел фильмдерінен 2011 жылы Асгард(Тор) шыққанда көрген едік. Ал бұл мүлде басқа болғанымен формат сондай деуге келеді. ⛔

"Черная пантера" атты супергеройды ойлап тапқан кісі өз сөзінде:

- Мен өзімді Капитан Америка немесе т.б. батырлардың  орнында басқа американдық балалары сияқты елестете алмаймын. Себебі мен қара нәсілділерге жатамын, -деген екен.

Мұнда үлкен астар жатыр. Жер бетінде неше түрлі халықтар болса, сонша түрлі түр болмай тең болуды көздейді. Және ең алғашқы кара нәсілді #superheroes

Бұл фильмдегі "ерекше" деп атауға келетіндер де бар келмейтіндер де бар. Ол сол отбасылық түсініспеушілік, акесінің қателігі баласына тиюде. Ал, келетіндер:

1. Ең бастысы - Африка! Бәріміз шет жағасын білеміз ондағы өмір қандай екенін. Маған Т'Чалланың соңында ООН жиналысында сөз сөйлеп қазіргі қарым-қатынас туралы айтқаны осы күнге жеткізуге мақсатталғандай көрінді. ...

Сосын тағы бір диалогтарынан байқадым "Біз вибраниуммен қару жасайтын болсақ, сол колонизатор елдердей боламыз" дейді. Олар колонизатор елдерді жақтамайды, бірақ тату, бейбіт жүруге шақырады.

2. Адалдық. Дос қандай дұшпан қандай? Дұшпанға да әділ шешім керек. Жеңілдің бе, мойында да, ары қарай жүр. Басқа жолмен қол жеткізуге тырысу үлкен жаңсақ әрекет. Барлық Вакандалық үшін солай. ⭕жалғасы⬇⬇⬇

Технология. Вибраниум туралы "Эра Альтрона"- да көрсетеді.  Бірақ, мұнда металл тек қорғаныс емес ол таусылмайтын энергия көзі екенін белмейді.  Және соның арқасында Ваканда халқы шалқып өмір сүріп жатқанын. Енді онымен бөлісетін сәт келді. Бірақ ізгі ниеттерге ғана.

4. Актерлер. Бильбо Бэггинс, баяғы Хоббиттен, кейбіреулер үшін Доктор Ватсон - Мартин Фриман, агент ЦРУ.  Ал қалғандары басқа фильмдерден мен үшін таныс емес, сондықтан болар көрсетілім екі сағат бойы тек жаңашылдықты ашумен болды.

5. Костюм. Стиль мүлде басқаша, өткен мен бүгінгіні ұштастыру арқылы өте таныс әрі бейтаныс таңсық дүние шығарған.

6. Музыка. Марвелдің барлық фильмдеріне танымал әншілер өлең жаза бермейді. Белгілі композиторлар бар. Олар бастысы көрініске өң беретін. Ал мұнда тек әуен емес әуенге үйлескен сөз батырдың болмысын ашып тұр. Орындаушылар The Weeknd, Kendrick Lamar сияқты әншілер.

Жалпы, маған ұнады. Субтиртлардан кейін көрсетілген Барнс та. Ол, безумный титан, Таносқа жолдама болар.

Бұл Ваканда халқының өмірі бір жағынан африкандықтардың арманы. Ал Вакандадан тыс жатқан халықтың өмірі шындық. Сенім  болашақта. Бұл мекенде "Черная Пантера" сияқты бір батыр шығып, елді бейбіт өмірге жетелер. Және мұратына жетер деген сеніммен.

Т'Чалла