Виктория мен Абдул

Виктория мен Абдул
жеке
блог

Шынайы оқиғаға құрылған кинолар ұнайды. Оны ВВС түсірсе одан бетер ұнайды. Себебі ВВС-дің киноларының өзінің айтар ойы бар. Тарихи нақты ақпараты бар және жан-жақты зерттеліп, нақтыланылып барып бірақ таспалайды.

Британия мен Индияның жалпы тарихын білсем де, осы фильмдегі оқиғаны білмейді екем. Кеше киноны қарап алғасын бүгін интернетті ақтарып біраз тарихты оқып шықтым. "Абдул Карим өмірде шын болған ба?" деген ой маза бермеді. Википедиядан оқыған ақпаратым тура кино желісіндей екен.

81 жасқа тақап қалған Виктория патшайым қарапайым сарай күтушісі индус Абдулға көңіл аудара бастайды. Қоғамда ешқандай орны жоқ қарапайым жігітке патшайымның көңілін табу ұнайды. Бірақ ол бұл қарым-қатынастан ешқандай өзінің бір пенделік мақсатына пайдаланбай, адал қызмет етуге тырысады. Ол Виктория патшайымға урду тілін үйретіп, мұсылмандарға деген көз-қарасын өзгертуге көмектеседі. Екеуінің қарым-қатынасы ана мен баланың қарым-қатынасындай болады. Олар кез-келген тақырыпта еркін сөйлесе алады.

Кино үлкен танымалдыққа ие болмас, дегенмен тарихи киноларды ұнататындардың көңілінен шығары хақ. Себебі, ұлы адамдардың осындай өміріндегі аздаған оқиғаны осылай беру патшайымға басқа көз-қараспен қарауға мүмкіндік береді. Кино сапалы, отбасыңмен отырып көруге ыңғайлы фильм.