Стартрек: Шексіздік

Стартрек: Шексіздік
жеке
блог

Не хотел вас расстраивать, подумал, вдруг вы не вернетесь (с)

"Стартрек: Шексіздік", «Жұлдызды жол»фильмдер желісінің 13- бөлімі. Ғарыш, кеше, астрономия, болашақтың техникасы тақырыбына қызығатын кез-келген адамның сүйікті фильмінің бірі. 

Трейлерін көріп киноның барлық дәмдісін көріп алғандай әсерде болғам. Бірақ, қателесіппін. Себебі кино өте қызықты, әр минутында сізді "енді не болады?" деген сұраққа көмілдіріп сіз күтпеген әсерде жалғасады. Бір сөзбен айтқанда - экшн. Imaxта көргеннің әсері де болар, сол кемеде жүргендей әсерде болдым.

«Жұлдызды жол» киносының тұрақты көрермені болмасамда кино менің көңілімнен шықты. «Энтерпрайз» кемесінің іші адамды таңқалдырмай қоймайды, кеменің мүмкіндіктері, әдемілігі, жабдықталуы кез-келген техниканы ұнататын адамның көңілінен шығары сөзсіз. 

Кино актерлары да сәтті таңдалған, бәрі өз орнында, бәрі өз рольдерін жақсы алып шыққан. Сізді шынымен ғарышта екеніңізге сендіре алады. Әсіресе жас актриса София Бутелла бірден көзге түседі, өмірде қарапайым бір жуас сияқты көрінсе, кинода өте дерзкий (қазақша аудармасы қыздың сипатын ашпайды). Антон Ельчин, өзін жақсы көрсете алған, өкінішті өмірден ерте кеткені. 

Стартрек: Шексіздік - адамды ғарыш әлеміне одан ары қызықтыра біледі. Жаңа әлеммен танысып, олардағы жаңа тіршілік иелерін көргің келе береді. Мүмкін болашақта бізде ғарыш кемелерінде осылай өмір сүрсек менің Энтерпрайздың ішінде болғанымды қалар ем :). Бағам 9/10.