Angry Birds енді кинода

Angry Birds енді кинода
жеке
блог

Angry Birdsті ойнамаған қазір бала да үлкен де жоқ шығар иа? Смартфон енді қолымызға тиген кезде жапа-тарғамай осы ойыннан жарысушы ек. Сол ойынның өз оқиғасы және оның мультфильмі болады деп сол кезде ойладыңыз ба? Мысалы, мен ойлаған емеспін. Ал ойынды жасаушылардың ойы болған))) 

Сонымен, кинотеатрларда 12 - мамырдан бастап "Angry Birds енді кинода" атты жаңа мультфильмнің көрсетілімі басталды. Мультфильм өте қызықты, қанық түсті (яркий), әсерлі. Әсіресе өзіме ұқсаған қызыл түсті Редті айтсаңызшы. Мультфильмде ол қалың қасынан ұялса, қыздарда қалың қас қазір сәнде. 

Әр нәрсеге ашулана беретін Редтің өмірінде үлкен өзгерістер пайда болады. Ол мінезінің әсерінен елден алшақ өмір сүруге үйренеді. Солай жалғыз өмір сүре берер ме еді егер көк (жасыл) торайлар болмағанда... Мультфильм қоғамның адамдарды бір ұстаныммен өмір сүруге итермелейтінін анық көрсеткен. Уақыт дәлелдегендей қоғамнан басқаша ойлаған адам ғана жан-жақты мәселені көре алады. 

Angry Birds өте қарапайым, аңғал мультфильм. Оны көргің келе береді. Қандай жаста болмасын балалар оны біледі, сондықтан да оларға да қызық. Мультфильмді жасаушылар әр персонажға өзіне сай мінез, қылық, қимыл бере білген, бұл жағынан олар өз міндеттерін жақсы орындаған. Әр персонаждың өзіндік оқиғасын, ерекшелігін әдемі бейнелеген. Мультфильмді баламен бірге өзіңізде күліп отырып көресіз, себебі күлкілі сәттер мен әзілдер жақсы берілген. 

Менің берер бағам 7/10. Барыңыздар, көріңіздер, көңіл көтеріп қайтыңыздар!