Қазақстан құрамасының бапкері белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан құрамасының бапкері белгілі болды

Жаңа ғана Астанадағы «Rixos President Astana» қонақүйінде Қазақстан ұлттық құрамасының  бас бапкері таныстырылды. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне ресейлік маман Юрий Красножан келді. Осыған дейін хабарлағанымыздай, бапкер "Астана" командасын баптауға Ресейден келгені туралы айтқан едік.

БӨЛІСУ

Юрий Красножан Нальчик қаласының «Спартагын» 11 жыл баптаған маман. Кейіннен «Локомотив», «Анжи» және «Кубань» ойыншыларын да жаттықтырған. Соңғы жаттықтырған ұжымы – «Терек» командасы. Соңғы қызметінен клуб басшылығының көңілін көншітерлік нәтиже шығара алмағанынан кейін босатылған.

Қазақстан футбол федерациясы мен Юрий Красножан арасындағы келісімшарт "2+2" жүйесі бойынша қол қойылды. Яғни, алдағы екі жылда жаңа бапкер ұлттық құрамамен алға қойылған мақсатты орындай алмаса, келісімшарт тоқтатылады. Егер ел футболшыларының ойыны көңілден шығып жатса, кейіннен тағы екі жылға келісімшартты ұзартуға болады. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru