Марвел Кинематографилық Әлемінің тарихы(1-бөлім)

Марвел Кинематографилық Әлемінің тарихы(1-бөлім)
жеке
блог

 2005 жыл - Variety басылымы Marvel Studios пен Paramount Pictures бірігіп, әлемге әйгілі Marvel Comics компаниясының комикстері бойынша, өз киноәлемін жасайды деп мәлімдеді. Marvel Entertainment өздерінің ең белгілі кейіпкерлері Өрмекші-адамды, Елес жарыскерді SONY-ға, Халк пен Нэморды Universal Pictures-ке, Икс-Адамдар, Фантастикалық төрттік, Жанкешті секілді кейіпкерлерінің құқықтарын FOX сияқты кинокомпанияларына сатқан еді. Бұл банкроттан шығудың жолы еді. Оларды қазір Кек алушылар, яғни, Капитан Америка, Темір адам, Тор, Құмырсқа-адам, Доктор Стрэндж секілді кейіпкерлер бар. 

 2006 жыл - Сан-Диегодағы San Diego Comic-Con 2006 мәжілісінде Marvel Studios президенті өздерінің киноәлемін жасауға бел буғандықтарын ресми түрде жеткізді. Және алғашқы фильм Темір адам кейіпкері жөнідне болатынын жеткізді. Режиссер болып Джон Фавро тағайындалды.

 2007 жыл - Тони Старк, яғни, Темір адамның рөліне Кіші Роберт Дауни бекітілді. Және де Universal мен Marvel Studios-тың "Таңғаларлық Халк" жобасы шығатындығы жарияланды.

 2008 жыл - "Темір-адам" фильмінің күтпеген жетістігі жоба авторларына шабыт беріп, "Темір адам" фильмінің жалғасы түсірілетін болды. Бұл фильмге сонымен қатар орыс агенті Наташа Романофф, яғни, Қара жесір қатысатын болды. Бұл рөлге Скарлетт Йоханссон бекітілді. 
 Ал "Таңғаларлық Халк" бюджетті ақтамай, оның жалғасы кейінге қалдырылды.  

 2009 жыл - "Темір адам 2" фильмін жалғай Тор жайында фильм түсірілетін болды. 

 2010 жыл - Тордың рөліне Крис Хэмсворт бекітілді. 
 Және "Тор" фильмінен кейін, "Капитан Америка: Алғашқы кек алушы" фильмі жарыққа шығатын болды. Басты кейіпкердің рөліне Крис Эванс алынды. 
 Және 2012 жылға бекітілген "Кек алушылар" фильмінің актерлік құрамы жарияланды. Оған Марк Руффало, Коби Смолдерс секілді әртістер қосылды.

 2011 жыл - "Тор" мен "Капитан Америка: Алғашқы кек алушы" фильмдері бюджетті ақтап, әрі қарай жылжуға ынты-жігер берді. 
 Студия "Кек алушылар" фильміне қомақты бюджет бөлетін болды.

 2012 жыл - "Кек алушылар" фильмі 1,5 млрд доллар пайда тауып, сол жылдың ең үздік кассалы фильмі болды. Фильм әртістері мен кейіпкерлері атаққа бөленді.
 "Темір адам 3" және "Тор: Түнек патшалығы" фильмінің премьералары 2013 жылға қойылды.

 2013 - "Темір адам 3" миллиардтап пайда тапты. "Тор 2" де одан қалыспады. Марвелдің қоржынын қойпайтты.
 2014 жылға "Капитан Америка: Қысқы жауынгер" және "Галактика сақшылары" фильмдерінің премьераларын бекітті.
 Екінші "Кек алушылар" "Альтрон дәуірі" деп аталатын болды. Фильм 2015 жылдың мамыр айына бекітілді. Және сол жылдың тамызына "Құмырсқа-адам" фильмінің премьерасы болатын болды.

 2014 жыл - Кэптің екінші оқиғасы көрерменнің "Альтрон дәуіріне" қызығушылығын арттырды. 
 Және "Галактика сақшылары" арқылы Гидрасиль галактикасымен танысты.
 Marvel Studios президенті Кевин Файги мен оның жолдастары Марвелдің Үшінші фазасын іске қосты. Онда жаңдан Доктор Стрэндж, Қара пантера, Капитан Марвел сияқты кейіпкерлер болатын болды. Марвел әлеміндегі ең ірі оқилағардың санатына жататын "Азамат соғысы" мен "Рагнарек" Тор мен Капитан Американың үшінші бөлімдеріне енгізілді.  Және екінші "Галактика сақшылары", үшінші "Кек алушылардың" премьералары бекітілді. 

 2015 жыл - Марвел өздеріне Өрмекші-адамды қайтарды. Және ол жайында фильмді 2017 жылдың шілдесіне бекітті.
 "Кек алушылар: Альтрон дәуірі" фильмі кинотеатрларды жарды. Және де мұндағы Вижнді жоғары бағалады. 
 "Құмырсқа-адам" фильмі де біраз жетістікке жетті. Көрерменнің сүйіспеншілігіне ие болды. Және де Марвелдің Үшінші фазасына өзгеріс енгізіп "Құмырсқа-адам мен Сона" фильмі 2018 жылдың 6 шілдесіне бекітілді. 

 2016 жыл - "Капитан Америка: Азамат соғысы» фильмі үлкен табыстар күтуде...


 Мұның бәрі аңдатпа болатын. Иә, ұлы киностудияның тарихын енді толыққанды зерттеп қарасақ.


 Тони Старктың толағай табыстарынан кейін Марвел өз әлемдерін мен студиясын кеңейту керектігін түсінді. Олардың басты мақсаты бір-біріне қатысы жоқ әр түрлі франшизаның басты кейіпкерлерін жинап, «Кек алушылар» франшизасына біріктіру еді.

  Кевин Файги «маған көбіне не үшін «не үшін киностудияның негізін салдыңыз?» деген сауалға «өз ақшамызға өз фильмдерімізді түсіру үшін» деп жауап беремін» деп еді.
 Және де «біз ең алдымен «Темір адам» мен «Таңғаларлық Халкты» ізке қосқан себебімізді айта кетсем. Халк, бұл кейіпкер танымал. Бізді банкротқ апармайтынына сендік. Ал, Темір адам, оның әлемі, яғни, достары мен жаулары көп болғандықтан оның киноәлемнің бас кейіпкері қылдық».


 Студия продюсерлерінің бірі Джереми Лэтчер «Темір адам» және «Таңғаларлық Халк» фильміне сценарийстер табу қиынға соққанын жеткізді. «Біздің студия жаңадан құрылы пжатқандықтан, көпшілік сценарийстер біздің жетістікке жететінімізге сенбеді. Тіпті біздің өзімізде оған күмәнданып едік. Бірақ біз бұл қиындықтың бәрін жеіп шықтық».
 Кевин Файгидің айтуынша «Темір адам» фильміне режиссер табу қиынға соқпағандығын жеткізді. «Алдымен, ойыма келгені Джон Фавро болды. Ол бірден келісті. Және жобаны соңына дейін алып барды. Бірінші фильм сәтті болғаннан кейін, ол екінші фильмге қуана-қуана келісім берді».
 Ал Джон Фавроның өзі «Фильм сценарийі біз ойлағаннан кеш жазылып бітті. Түсірілім екі апта жүрмей қалды. Фильм премьерасы бекітіліп қойды. Бірақ, біз жмұысты тоқтатпадық. Тіпті кейбіреулер «студия көпке бармайды» деп болжады» деп айтты.    
 Кіші Роберт Даунидің Тони Старк рөлін ойнайтыны белгілі болғанда, Марвел жанкүйерлері қуанған еді. Ал Марвел мен Темір адам жайында естімегендер, ол жайында білуге тырысты.
 Марвел Киностудиясының «әкелерінің» бірі Джосс Уидон Робертті осы рөлге шақыру жайында ұсыныс тастаған еді. Студия басшылары онымен байланысты. Ал Роберт қуана келісті. Кевин қазірде Джоссқа үлкен алғысын білдіреді.
 Тағы даб рі студия продюсері Стефан Броузард Роберттің Тони Старк образына соншалықты сәйкес келетіндігін айтып, осындай әртістері бар студия басшысы олармен мақтанады.
 Ал Роберттің өзі кейіпкері жайында «маған Тони Старк образы да, Темір адам образы да ұнайды. Бұл кейіпкерді жасаған Стэн Лиге алғыс айтамын».
 «Темір адам» фильмінің басты кейіпкерлерінің бірі Пеппер Поттсты сомдаған Гвинет Пэлтроу «кіші Роберт Дауни менің сүйікті әртістерімнің қатарында болды. Онымен бір түсірілім алаңында өнер көрсету менің үлкен армандарымның бірі еді. Онымен жұмыс жасау үшін мен тіпті сценарийды оқымай-ақ келісім бердім».
 Фильм Қ.А.Л.Қ.А.Н. қызметінен келген Фил Колсон есімді агент комикстердегі кйіпкер емес. Оны фильм сценарийстері ойлап тапқан. Оны сомдаған Кларк Грегг фильмде аздаған кадрларда ғана көрінсе де қуанатынын айтты.
 Және де «Темір адам» фильмінің титрлары біткеннен соң, бізді Ник Фьюридің камеосы күтеді. Сэмуель Л. Джексон комикстерді бала кезінен ұнатады. Және «Альтимейтс(«Ultimates»)»-тегі Ник Фьюридің образы өзінің түр-тұлғасымен бейнеленгенін жақсы біледі. Ол фильмге камео ретінде болсын түсуге қуана келісті.
 Джереми Лэтчер «біздің бұл тосынсыйымыз жөнінде ешкім білмеуі тиіс болды» деді. «Тіпті түсірілім алаңына сол күні гримерлер тағы басқа да еңбеккерлер келген жоқ. Тек студия басшылары ғана осында болды. Және де ол «Кек алушылар» фильміне сілтеме жасау керек болды».

 Фильм премьерасынан кейін-ақ жанкүйерлер «Ник Фьюри кім?», «оның сөздерінің мәні неде?» деген сұрақтар мазалады. Және олар өз сұрақтарына комикстерді оқып жауап тапты.
 Кевин Файги «біз Калифорниядағы «Темір адам» фильмінің түсірілмін аяқтап, Торонтоға жолға шықтық. Онда біз «Таңғаларлық Халк» фильмін түсіру үшін бардық.
 Marvel Comics авторланының бірі Аксель Алонсон Marvel Studios-тың идеясының керемет екендігін мойындады. Олар әртүрлі кейіпкерлердің жеке фильмдерін жасап, оларды біріктіру амалын ойлап тапты.
 Кевин Файги және өзге де студия басшылары «Темір адам» мен «Таңғаларлық Халк» фильмдерін байланыстыру амалын ойлап табу үшін көп бас қатырды. Ақыр соңында олар, Тони Старкты Ник Фьюри секілді фильм титрларынан кейін жіберді. Титрлардан кейінгі сахнада Тони Старк «Таңғаларлық Халк» фильміндегі екінші дәрежелі кейіпкерлердің бірі болған генерал Росспен кездеседі. Және де оған «Кек алушылар» инициативасы жөнінде айтады.

Бұл Марвел киностудиясының тарихының алғашқы бөлімі ғана. Алдағы уақытта. Жаңа бөлімдерді күтіңіздер.