Махаббат, соғыс, өмір туралы

Әр фильмнің астарында қаншама мағына, қаншама философия жатыр. Фильмді қарап шыққан сәттен кейін, ұнады немесе ұнамады дегенмен ғана шектеліп қоймай,  үлкен білімге, терең ойларға, дұрыс қадамдарға жол бастауымыз керек…
 
Итальяндық Маргарет Мадзантининің  «Рожденный дважды»  романы бойынша түсірілген фильм оқиғасы ешбір көрерменін немқұрайлы қалдырмайды. Режиссер Серджо Кастеллиттоның басшылығымен туындаған бұл секілді фильмдер Италия кинематографиясында санаулы ғана. 
 
Кино туралы өз ойыммен бөліспес бұрын, оның басты сюжетіне қысқаша шолу жасайық. Бұл романтикалық тарихи оқиға. Джемма атты басты италияндық кейіпкерге сұлулық, ақыл, қайырымдылыққа қуаты, материалдық әл-ауқат сияқты сипаттамалары тән. Бірақ бір күннің таңғы ертесінде өзінің 16 жасар Пьетро атты ұлымен Рим қаласынан Югославиядаға Сараево қаласына аттанады. Ол ұлына, әкесі талантты итальяндық фотограф Диего дүниеге келген және қайтыс болған қаланы көрсету себебімен келеді. Бұл саяхат жайдарлы жастық шаққа қайта қайтарады, қиын махаббат оқиғасын қайта бастан кешкіздіреді. Джемма Сараевода өткізген мазасыз күндер атмосферасын, мағынасыз соғыс орталығына ауланған қаланың қираған оқиғаларын еске түсіреді.  Бiрақ естелiктер көмегімен ащы шындық пен ауырды ұмыту мүмкін бе? 
  
 
Көркемдігі
Тарихта аты мәңгі қалатын тамаша кинотуынды жасауға әсер еткен Эдуардо Крус композитордың кино көрсетіліміне бір ерекше әсер сыйлаған. Әуенмен толықтырылуы өзінше келген, әр сюжетке дәл тандалынған музыка көрерменнің назарын жаулап алуда. 
 
Мазмұны
Мазмұнына келетін болсақ, Бұл тамаша кинотуынды бірнеше тақырыптарды талқыға салады. Әйел бедеулігі мен қайғылы махаббат, азамат соғысы мен жазықсыз қарапайм тұрғындар мәселелерін кереметтей аша білген. Фильмнің басында ашық-жарқын бозбала мен сұлу қыз арасында байқалатын романтикалық әңгіменің куәсі боласыз. Қарым-қатынас дамуының келесі кезеңінде бала көмегімен бозбаланы берік қатынаспен байланыстыру туралы қыздың жалықтырған идеясы туады. Бірақ бұл серілік қадам түсік тастауға бейім болуымен аяқталуда. Сүіктісімен бала сүю үшін, айналасында басқа ештеңені елемей, өз қарым-қатынасын қалай бұзып бара жатқанын мүлдем байқамайды. Жақындарымен қарым-қатынасты дамытуға басқа да жолдар бар екенін түсінбеу себебінен, мақсатына тырмысқаны соншалық, кері нәтиже әкелу мүмкіндігі жайында ойланбайды. Өмір күтпеген жағдайларға толы, ақыр соңында не алатынымыз белгісіз. Мүмкін бұл әр көрерменге немесе оқырманға танымал көрініс болатын шығар. Әрине, фильмде көтерілген азамат соғысы тақырыбы туралы айтпай кету мүмкін емес. Режиссердің саясат туралы егжей-тегжейінне үңілмегені дұрыс шешім, қиын замандағы қарапайым адамдардың өміріне баса назар аударғаны да дана ойластырылған. Шын мәнінде саясатқа үңілмеген фильм, тамаша сурет туындауына әсерін тигізді. Алайда, соғыстан қорқыныштырақ ештеңе жоқ екені ойымнан кете алмады. Адамгершілікті жоятын, барлығын қирататын, адамды ақылсыз жануарға айналдыратын соғыстан аулақ болуымыз керек. Адамға алғашқы зарыққан не: табиғат па әлде әлеумет пе? деген сияқты ойларға итермелеп, ойландыруға мәжбүрлейді. Пьетро -  соғыстың қорқынышында туған сәби, қаламен байланысын мүлдем сезбейді. Ал Джемма? Әйел махаббаты шексіз екенін осыдан көруге болады. Қиыншылық пен ауыр байланған адамдарды қорғау мен сүюге бейімбіз. 


Актерлік шеберлігі
Актерлердің ойыны толығымен көрерменнің көңілінен шыққаны әбден мәлім. Көрермендердің көзайымына айналған испандық Пенелопа Круз (Джемма) ана рөлін жүз пайыздай сомдай алды.  Иә, ол әдеттегідей тамаша - сүйкімді жас итальяндықтың рөлін де, көп қайғыны бастан өткізген әйелдің бейнесін де тамаша көрсете алды.
 
 
Азаматтық соғыс қасіретін бастан кешірген ананың, әйелдің рөлін де сомдаған - түркиялық Саадет Аксаның қайғылы тағдырына жанашырлық әр адам бойында оянады. Эмиль Хирш (Диего) өзінің ең жақсы рөлдерінің бiрiн ойнады. Ал тар ауқымда белгілі Аднан Хаскович (Гойко) iшкi күшімен назарын өзiне бұрылдыра алды.
 
 
 
Бұл фильм елеулі кино әуесқойлары үшін. Жалпы фильм көп қырлы және түрлі нәрселерді ойыңа келтіреді. Мозайка ойыны секілді, жалпы көрінісін бөліктермен жинауды қажет етуімен, бір тыныста бас аяғына дейін көрерменін жаулап алады. Фильм туралы алғашқы әсеріңіз, қорытынды пікіріңізбен жүз пайыз түрлі болатыны сөзсіз. Алайда, сіздерге толық ақпаратты жиып салғанша, оны өзіңіз қарап шығуыңызды ұсынамын. Барлық критериялар бойынша: сюжет, режиссерлық жұмыс, актерлық ойын фильм оң баға беруге лайық деп санаймын. 


Бөлісу: