"Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат" сценаийінен не алынып тасталынған?

"Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат" сценаийінен не алынып тасталынған?
жеке
блог

 Бәріңе сәлем! Қазақ тіліне тәржімаланған "Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат" фильмі 2 сағат, 21 минутқа созылды. Бұл біраз уақыт. Бірақ режиссер Марк Уэбб, фильмге бұдан да көп зат қосқысы келген. Продюсерлердің қарсылығынан болар, олар алынып тасталды. Сонымен қатар, біз бұл жазба да тек сценарий жайында ғана емес, басқа заттар жайлы да сөйлесеміз. Ендеше соларды шолып шықсақ.

 1. Мэри Джейн! 
 Бәріміз білеміз, Шейлон Вудли ЭмДжейді ойнау керек болған, тіпті ойнады. Ол Паркердің көршісі ретінде пайда болуы керек еді. 

 2. Макс Диллонның анасы.
 Фильмде Макс Диллонның/Электроның анасы болу керек еді. Ол мүгедек арбасына таңылған. Бірақ оны да сценарийден сызып тастапты.

 3. Джей Джона Джеймсон.
 Филмь сценарийінен сонымен қатар, "Дейли Бьюглдың"(қазақша тәржімада "Қала тынысы" деп аталыпты) бас редакторы мистер Джеймсон пайда болу керек еді. Алдымен Паркер "Дейли Бьюглға" Өрмекші-адамның бірнеше суретін әкеліп, онан соң оны журнал бетіне шығарып, Өрмекші-адамды "жексұрын" деп көрсету керек еді. Бірақ ол сценарийден түсіп қалыты. 

 4. Өрмекшінің қаны.
 Түпнұсқа комикске сүйенсек Өрмекші-адам Гарриге өзінің қанын беру керек-мыс. Содан кейін ол Жасыл Гоблинге айналар еді. Бірақ сценаристер бұған өзгеріс енгізіп, ол Гоблинға өрмекшінің уы арқылы айналды. 

 5. Доктор "Кәфкә".
 Доктор Кафка есіңізде ме? "Рейвенкрофт" инстутында Максты "емдеген". Ол түпнұсқа комикста әйел адам екен. 

 6. Хорхер)
 Мүйізтұмсық қалаға шабуыл жасағанда Хорхер есімді кішкене бала алғашында сценарийде болмаған еді. Мүйізтұмсық та мүлде болмаған!

 7. Гвеннің өлімі.
 Гвеннің өлімі түпнұсқа комикс бойынша, ол сағаттан емес, көпірден құлау керек еді. Және де ол бірден өлмей, Питерге қаһарман болуын тоқтатпау жайлы айтып, сосын барып өлу керек еді.

 8. Уәде.
 Гвеннің әкесіне берген уәдені орындай алмағаннан кейін, Питер Өрмекшінің костьюмын қоқысқа лақтыруы керек еді. Бірақ ол сахналар қиылып тасталынған екен.

 9. Ричард Паркер!
 Фильмнің соңына таман, Питердің әкесі, Ричард Паркер пайда болуы керек еді. Ол екеуі Гвеннің мазарының алдында кездесуі керек еді. Ол оның артынан аңдып жүргенін айтады. Және қайтадан Өрмекші-адам болуға көндіріпті-мыс. 

Осындай ең, ең керек сахналар қиылынып тасталды! Қимағанда бәлкім, одан да қызық болар ма еді? Бірақ Өрмекшінің бұл әлемі аяқталды. Енді бұл тарихтарды көре алмаймыз) Өкінішті-ақ)