Ақымақтың күні

Мектепте оқыған Н.Гогольдың "Ревизор" деген шығармасы есімде ерекше қалыпты. Тексеруші боп келіп елдің бәрін ақымақ жасаған адамның оқиғасы неге екенін есімде жақсы сақталыпты. Кеше осы оқиғаны қазіргі заман көзімен, әрі киносын көріп қуанып қалдым. 

Бекмамбетов ұсынған "Ақымақтың күні" киносында: банкке көп ақша қарыз болған жігіт кепілдік ретінде әкесінің егістік жерін бермекші болып ауылға жолға шығады. Ауылға өтетін басты көпірдің бұзылып қалғанына байланысты олар жақын маңдағы аудан орталығында қалуға мәжбүр болады. Бар қызық осы кезден басталады.... 

Балық басынан шіріп, жемқорлық жайлаған аймақтың "тексеру келді" деген кездегі қызықтары мен адамдардың өз мансабы үшін неге дайын екенін жақсы айқын сипаттай білген. "Тамақтарынан" өтіп кеткендері көп адамдардың "жан қиналысын" тиімді пайдаланып жас жігіттің ісінің немен аяқталатынын көріп, біздің елдегі біраззззз мәселелермен салыстырғыңыз келсе, тіпті өзіңіз көріп жүрген бірақ айта алмаған "құпияңызды" анық көрсеткіңіз келсе, "сол аурудың" біздің елде ғана емес басқа елде де бар екенін сезіну үшін баруға кеңес берем :). 

Тіпті мансаптың қаншалықты дәмді екенін сезініп қана қоймай әйелің мен қызыңды да осы "ұлы мақсат" жолында қалай жақсы пайдалануға болатынынан аздап сабақ алсаңыз да болады. 

Кино өте қызықты, күлкілі, ұқсастықтарды көрген кезде өзіңіздің қалай күлгеніңізді білмей қаласыз, сапалы. Берер бағам 8/10. 



Бөлісу: