"Қазақ халқының салт-дәстүрлері" бағдарламасы

"Қазақ халқының салт-дәстүрлері" бағдарламасы
жеке
блог

Сәлем, достар! 

СТВ арнасының жаңа жобасы "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" атты бағдарламасының көпшілік назарына ұсынылғанына, мінекей, үш айдың жүзі болды. Бұл уақыт арасында Қыз ұзату, үйлену тойы, құрсақ той, шілдехана, бауырға басу, бала асырап алу, жеті ата, зергерлік өнер, қазақ музыкалық аспаптары және өзге де тақырыптар аясында бағдарламалар көрсетілді. Бағдарлама аз ғана уақыт арасында көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, оңды пікірлерге ие болды. Бағдарламаға қатардағы қарапайым кісілер кейіпкер болып, халқымыздың салт-дәстүрлері жайлы өз ойларын айтып жатты.

Ендігі кезекте "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" бағдарламасы аптасына екі мәрте эфирге шығатын болады. Бұл бір жағынан, көпшіліктің сұранысы болса, екінші жағынан, дәстүріміздің мол мұрасымен кеңірек таныстыруға септігін тигізеді. Бағдарлама сейсенбі күні сағат 22:00-де және жұма күні сағат 21:30-да көрсетілетін болады. Сондай-ақ, бағдарлама мұрағатын СТВ арнасының жеке сайты мен Массагет сайтының Бейнебаян бөлімінен тамашалай аласыздар.

Ал бағдарламаға қатысты сын-пікірлеріңіз бен ой-ұсыныстарыңыз болса, мына мекен-жайға хабарлассуға болады stvarnasy@gmail.com

Халқымыздың мәдени мұрасын ұмытпайық!

Ата-баба салған сара жолды жалғастыруға асығайық, достар!