Жаңа кезексөз - Бір күн

Жаңа кезексөз - Бір күн
жеке
блог

Сәнияның "Қызыққа толы күні" мен Мерудің "Қызыққа толы көп күндердің бірі" атты жазбасып оқып отырып,  есте қалған ерекше күн туралы кезексөз жазғым келіп кетті )

"Жұмбақ блогшымыздың" арты саябырсылап қалғанымен, "өз заманында" дүркіреп тұрып жүргені рас :) Дегенмен, жаңа кезексөз бастайтын уақыт жетіп қалған секілді. 

Жаңа кезексөз - "Бір күн" )) Есте қалған ең ерекше күніңізді не қарапайым күндеріңіздегі қызықты оқиғаларды тізуіңіз керек. Кезексөз соңынан жазбаны қызықты етіп жазған блогты таңдаймыз. Массагеткз жеңімпаз блогшыға арнайы құпия сыйлық дайындап қойыпты :) 

Мынау менің есімде қалған ерекше күннен естелік.

Бүгін таңертең кештеу (әдеттегі жексенбіден ертелеу) сағат 10-дарда ояндым. Жоспарлаған кезек күттірмейтін шаруам бар еді, ұйқыдан оянған бойда, атып тұрып, сол жұмысымды бітіруге асықтым.

Әйтеуір, шаруамды бітіріп тыныш таптым-ау... КазГУ -дың қасынан өтіп бара жатсам, қалашықта әлдебір той өтіп жатыр. Қарақұрым халық. Қызығып кетіп, мен де барып қалың топтың арасына кіріп кеттім. Студенттер сарайының алдында концерт өтіп жатыр екен. 

Біраз таныстарымды ұшыратып қалдым. Ағайларым мен апайларымды көріп, амандастым. Қалашық біртүрлі бөтен... Аттың басын анда-санда бұрған соң, бөтен болмағанда қайтсын?.. Бөтен демекші, бір ағайымды байқамай қалып, ұятты болдым. Жеңімнен біреу түртеді. Жалт қарасам, сол ағайым. "Оееебуууй, бітірдім деп... амандықтан қалыпсың ғой!" Әлбетте, олай емес. Мені біреу бөтенсімесе, мен ешкімді бөтенсімеймін... Дәл сол сәтте, бұл оқиға қайталанғандай болып кетті. Саиданың мерсіне отыра бергенімде де, бұл сәт өмірімде бұрын болғандай күй кештім. Дежа вю.

Жаңа телефонға ескі телефоннан алып симкамды салдым. Енді ашайын десем, кілт сөзді есіме түсіре алар емеспін. Сатушы аң-таң. Қалайша? ) Ақыры есіме түспеді. Ол ол ма, банкоматтың да кілт сөзін есіме түсіре алмадым. Маған не болған?)

Жалпы жүйке жүйемде бір өзгерістің болып жатқаны рас. Таптым! Ұйқы екен ғой... Көп күн бойы түн ұйқымды төрт бөліп жүрмін... )

Бәрі Олимпиаданың "кесірі" ^_^

Кезексөз таяқшасын айналдырып-айналдырып тұрып, Жакоға лақтырдым )))