Аптап ыстықта айран ішу ұсынылды

Аптап ыстықта айран ішу ұсынылды

Жаздың ыстығында шөл қандырудың тиімді тәсілі ретінде дәрігерлер айран ішуді ұсынып отыр. Бұл туралы "РИА Новости" хабарлады.

"Жазда лимон қосылға су, айран, көк шай, компот ішкен пайдалы", - деп хабарлады агенттік. Дәрігерлер, әсіресе, күніне кем дегенде 2,5 литр су ішу керектігін баса айтыпты. 

в

Көк шай

Құрғақтықпен күресудің де тиімді жолы ұсынылды. Бұл симптомның басты себебі ағзадағы натрийдің азаюы екендігін ескере отырып, тұзының мөлшері көп минералдық су ішу ағза құрғақтығының алдын алудың басты құралы екендігін айтты дәрігерлер.

Аптап ыстықта тәтті шырындар, сироп, ыстық шай, кофе, алкаголь сусындарын ішкен зиян екендігін де айтып өтелік. Яки бұлар шөліңіздің қануына себеп алмайды.

Қазақстандықтар жаздың күнінде ыстық шай ішуге аса құмар екендігін де айта кетелік. Екінші орында қарапайым су тұр. Өткізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша, тізімнің үшінші сатысынан түрлі газдалға сусындар орын алыпты.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: kelebek-ova.livejournal.com, dietadiary.com