Эстафета. Жыл қорытындысы-2012

Эстафета. Жыл қорытындысы-2012
жеке
блог

Анара маған беріпті! Эстафета таяқшасын. Жазып көрейін...

 

Жылдың цитатасы: «Әр сәтсіздігіңді мүмкіндік деп біл». Бұл сөз маған жыл бойы көмектесіп келді. Сәтсіздік те, мүмкіндік те көп болды дегенім...

Жылдың ең үздік танысуы:

Мен биыл көөөөөп адаммен таныстым. Оның ішінде Сәния, Ерке, Болат, Анарка... Көп қой, адамдарды алалағым келмейді, бәрімен де танысуым үздік мен үшін...

Жылдың үздік тағамы:

Bonduelle консервантты жүгерілері. Ақырзаманға дайындық емес, расында да өзіме қатты ұнады бұл тағам.

Жылдың үздік сусыны:

Cola в баночке! Құтыдағы кола ғой баяғы. Бізде жүз теңгеге сатылса да, байдың баласына ұқсап, сатып ала беріппін... Одан кейін Диззи!

Ең керемет күн:

Мақпал Жүнісова, Мақпал апаммен сырласу, ол кісіні қатты құрметтеймін...

Үздік кеш:

Үздік кешті айтуға ұялып отырғаным.... J

Осы жылда ашылған қызығушылық:

Басты қызығушылығым – MASSAGET.KZ!

Орындалған арман:

Магистратураға түсуім!

Жылдың ең үздік орны:

«Е мае!» және «Hugo» пивнушкалары. Маған ұнамай қалды бірақ...

Рухани өзіндік жаңалық:

Шын досымның аздығын осы жылы ғана жаңалық ретінде қабылдадым. Расында, өкінішке орай, шын досым жоқ.

Үздік әнші:

Мақпал Жүнісова, Готье!

Үздік ән де осы аталғандардыкі.

Үздік фильм:

«Шал», «Жаужүрек мың бала»

Үздік сериал:

Сериал көрмеймін, сорри

Үздік актер/(актриса):

Джеки Чан қайта оралды менің көз алдыма.

Үздік кітап:

Көөөп деп қоя салайын өтірік мақтанып... Расында да, мен көп оқымадым. Сорлап жүрген кез ғой бұл...

Жылдың әсері:

Сландо кз-тен сатып алған жаңа креслом уахахахаххаха

Жылдың әділетсіздігі:

«Әділетсіздік бар, бірақ ол кеш келеді...» Бауыржан Момышұлы. 

Ең керемет адам:

Мені сүйген ару...

Жылдың сыйлығы:

Сыйлық? Ол не? Тіпті ұмытып кетіппіз де ғой, бұл жылы сыйлық алмаппын...

Керемет жаңалық:

Айлығымның өсуі деп гәңк еткізіп отыра берейін...

Жыл өкініші:

Каспий банк! Және Алшын Матайды ренжітіп жүргенім...

Жыл шытырманы:

Жазда тұрған үй нағыз шытырманның орны. Ойбой, масқаралар болды ғой онда...

Эстафета жалғасын Айгерімге Сматуллаеваға беремін.