Блог не үшін керек немесе Жалғас Ертай бұл жайында не дейді?

Блог не үшін керек немесе Жалғас Ертай бұл жайында не дейді?
жеке
блог

Сонымен, блог жазу интернет арқылы танылып, өз ойыңның ашық айта бастаудың ең қарапайым жолы деп қарастырсақ, блог деген не және ол арқылы неге жетуге болатынын жөнінде танымал блоггерлердің сөздерімен жеткізіп көрсек.  

 Бұл жазбаны Жалғас Ертай 2010 жылы жазда он.кз сайтына жазыпты. Өздеріңіз білетіндей, Жалғас Ертай қазақ сайттарының дамуына үлкен үлес қосып жүрген жігіттердің бірі. Жәй ғана блогтан бастап қазіргі күні блог, сайттардың белсенділігін арттыру, қалай жұмыс жасап ол арқылы қалай ақша табу сияқты тақырыптарда қазір конференциялар мен үлкен жиындарда бағыт сілтеуші, үйретуші ретінде өте танымал. 

 

Блог не үшін керек? Бұл сұраққа әркім өз өзіне жауап беру керек. Менің айтқандарым тек қана ИМХО (жеке пікір) күйінде қалғаны дұрыс. Сонда да Ұлы мәртебелім Google ханымды кішкене мазалап жіберсе әркім өзіне керек ақпаратқа қанығарына күмәнім жоқ.

Сұраққа ретімен жауап:  

  1. Ішіңдегіні шығару үшін (Пікір алмасатын ортаға басыңмен кіресің, қарқ боласың)
  2. Жұртпен бөлісу үшін (Бұл енді өзіңнің альтруистік міндеттеріңді есіңе алуға)
  3. Бір түйір артық білетіңді дәлелдеу үшін (комментарийсіз)
  4. Танымал болу үшін (Блог арқылы шынында танылуға болатынын дәлелдегендер бар)
  5. Достар табу үшін (комментсіз)
  6. Көз жеткізу не көзіңді жеткізу үшін (Бір нәрсе болса да белмейтініңді мойында) 
  7. және т.б. 

Бұл ретпен жауап беріп қоя салу қолды бір сілтегендей болатын шығар. 

Блог жүргізу — өзіңнің ішкі эгоңмен жалғыз, бетпе-бет қалып, осы процесті мыңдаған өз блогыңның оқырмандарымен бөлісіп отыру. Тіпті, өмірдегі эго мен блогтағы альтер-эго бір-бірімен астаспай да жататын кездер болады.

Блогтағы жыртқыш мінезді, хайуан кейіпті образдар реалда тіптен момын адамдар болып жатады. Блог ішкі рухани қажеттіліктің ашық әрі арзан формада жүзеге асуын қамтамасыз етеді.  

Блог жүргізген көбіне пайда да әкеледі, бірақ бұл бізде емес. Бізде бұл энтузиазм деңгейінде ғана дамып отыр. Бизнес деңгейіне көтерілген кезде блогинг үлкен қоғамдық процестерге ықпал ете алатын күшке айналатынына өз басым күмән келтірмеймін. 

Сонымен… Блогты жай ерігіп аш, еліктеп аш, үйреніп аш, біреу үйретіп аш, көріп, қызығып, жазғың келіп, қажеттілік болып аш, — бәрі де өзіңнің креативтік, харизмалық, шығармашылық талғамыңа сай дамып отыруына мүмкіндік бар.

Блог баста, өзіңді әлемге паш ет.  

Бұл жазба екі жарым жыл уақыт бұрын жазылғандықтан да қазір Жалғас бұл жайында өзі не ойлады екен?

Сонымен қатар, блогта нені жазып нені жазбау туралы мына жазбадан қарап шықсаңыз да болады.