- Негізгі бет
- Психология
- Айтылмаған ой...
Айтылмаған ой
Татуировкасы бар адамдардың айтуынша, оны жасатуының себептері әркімде түрлі болады. Кейбіреулер өзінің даралығын көрсеткісі келсе, басқалары өз мұңын осылайша өткереді екен. Әсіресе татуировкасы ретінде сөз жазғызатын адамдардың айтылмаған ойы бары анық. Ең көп денеге жазылынатын сөздердің тізімімен таныс болыңыздар.
Arrive ее guilpourra (фр.) - Болары болсын.
А toutprix (фр.) - Қалай болса да...
Аudaces fortuna juvat - Батылдарға бақыт бар.
Battle of life (ағыл.) - Өмірлік күрес.
Cave! - Абайла!
Cercando а vero (ит.) - Ақиқатты іздедім.
Contra spent spero (лат.) - Үмітсіз үміт еттім.
Croire а son etoile (фр.) - Өз жұлдызыма сенемін.
Da hifi ich да Hawe (нем.) - Мен үйдемін.
Due cose belle ha a mondo Amore e Morte (ит.) - Әлемде екі құбылыс керемет: махаббат пен өлім.
Du sollst nicht erst Schlag erwarten (нем.) - Саған соққы бергенін күтпе.
Ein Wink des Schicksals (нем.) - Тағдыр нұсқауы.
Errare humanum est (лат.) - Адамға қателесу тән.
Ех veto (лат.) - Уәде бойынша.
Faciam lit mei mernineris (лат.) - Мені ұмытпауың үшін істедім.
Fatum (лат.) - Тағдыр.
Fecit (лат.) - Жасалынды.
Finis coronat opus (лат.) - Істің ақыры жұмысты көрсетеді.
Gaudeafilus igitur, Juvenea dum Sumus (лат.) - Жас болғанша ойнап-күл.
Gnothi seauton (грек) - Өзіңді таны.
Grace роир moi (фр.) - Маған кешірім керек.
Guai chi la Тосса (от.) - Тиген жанға қасірет.
Help yourself (ағыл.) - Өзіңе көмектес.
Нос est in votis (лат.) - Бар қаларым осы.
In hac spe viva (лат.) - Үмітпен өмір сүремін.
Magna res est amor (лат.) - Махаббат - ұлы сезім.
Male mori quam foedari (лат.) - Арсыздықтан өлім артық.
Noll те tangere (лат.) - Маған тиіспе.
Now or never (ағыл.) - Қазір не ешқашан.
Sans phrases (фр.) - Артық сөзсіз.
Senw dubbio (ит.) - Күмәнсіз.
Veni, vidi, vici (лат.) - Келдім, көрдім, жеңдім.
Weltkind (нем.) - Әлем баласы.
Әрине, қандай керемет ой жазылса да, бұл ойдың денеге салынып емес, ауызекі жеткені дұрыс еді...
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: flickr.com
С. А