Бизнесменнің көздегені кім?
блог
Қадірлі сайтымыздың оқырмандары мен блогшылары! Естеріңізде болса, апта сайын үздік блогтың анықталып отыратынын айтқан едік. Massaget.kz сайты тілшілерінің шешімімен бұл жолы Есіл еркесі жазған "Бизнесменнің көздегені кім?" атты блог үздік деп танылды.
Редакциядан
Сәлем, достар! Блог жазбағалы да көп болыпты. Түлеп ұшқан ұямды еске алып, әлеуметтік желіде көрген қызықты жазбамен бөліскелі отырмын. АҚШ елінде жас бір қыз танымал бинесменге хат жазып бай жігітке қалай үйленуге болады деген сұрақ қойыпты. Бұл сұрақ барша бойдақ қыздарды мазалайтыны анық деп ойлаймын.
Қыз жазған хат:
Құрметті Морган мырза, сізге ашық бір сұрағым бар. Биыл 25 жасқа толамын, әдемі және стилді қызбын. Гламорды және қымбат заттарды ұнатамын. Бір жылдық табысы 500 мың доллар немесе одан жоғары болған жігітпен үйленгім келеді. Аш көз адам емеспін, Нью йоркта 1 миллион шамасында ақшасы болған адамдар орта класта есептеледі.
Көп ақша қаламаймын. Сіздін ортанызда 500 мыңнан жоғары табысы бар жігіттермен қалай танысуға болады. Осы күнге келгенше максимум 250 мың шамасында табысы бар жігіттермен жүрдім. Сентрал парктін сол түстіқ бетінде резиданста тұруға ол ақша жеткіліксіз. Сондықтан осы сұрақтарыма жауап күтемін.
- Бай жігіттер қайда жүреді? Кафе, бар, фитнес клуб дегендей жерлердің аттарын және адрестерін жазып беріңізші.
- Неше жастағы кісілерге жақындауым керек.
- Байқасам көп бай жігіттің айелдері онша әдемі емес. Олар қалай ұстап алған?
- Қай қызды айел, қайсысын жай жүретін қыз болатындығын қалай шешесіздер? менің мақсатым тұрмысқа шығу. Үйлену үшін не істеу керек?
Құрметпен, Сұлу қыз!
Джеймс Димон осылай жауап қайтарған:
Сүйікті сұлу қыз,
Хатыңызды тамсанып оқыдым. Сіз сияқты сұрақтары болған жас қыздардын саны көп шығар деп ойлаймын. Сіздін жағдайынызға профессионалды инвестор көзінен қарап жауап бергім келеді. Менің табысым жылына 500 мыңнан асып түседі.
Бизнесмен көзімен қарағанда сізбен үйлену деген жарамсыз инвестиция болып табылады. Бірден ренжіменіз, себебін түсіндіріп өтемін. Басқа майда заттар шетте тұрсын. Сіздің басты мақсатыңыз әдемілігінізбен ақшаны саудалау. Яғни, А- әдеміліқ ұсынады. Б- Қаражатпен сатып алады. Онда тұрған ешнәрсе жоқ, бәрі дұрыс. Бірақ осында үлкен бір қателік бар. Сіздің сұлулығыңыз уақытша. Уақыт өте бара сіздін саудаға ұсынған әдемілігіңіз туасылады, бірақ менің байлығым үлкен бір проблема болмаса кемімейді. Керісінше үлкейіп жеті ұрпағым жесе таусалмайтын жағдайға жетеді. Ал сіздін сұлулығыңыз 10-20 жыл көлемінде түкке тұрмай қалады.
Біз бұл жағдайды уолл стритте амортизациялық айырбастау деп атаймыз. Соңдықтан сіз сатып алып күтуге тұрмайсыз. Өз ойымша сізді жалдап алуды жөн көремін. Себебі құны тез төмендейтін затты сатып алуға болмайды. Дәл осы түсінік сіз қалап жүрген тұрмысқа шығу пікіріңізге сай келеді.
Мені қатал адам деп ойлауыңыз мүмкін. Олай ойласаңыз мысал келтірейін. Мен бүкіл ақшамды құрытып алсам сіз мені тастап кетер едіңіз. Ал сіз қартайғанда мен сізді тастап кетсем екі жағдай тең болар еді.
Жылына 500 мың доллардан артық ақша таба алатын адамдарды ақымақ деп ойламаңыз. Сізбен жүреміз, бірақ әйел қылып алуға басқа бір байлығынызды ортаға салуыныз керек. Бай жігітпен тұрмыс құру ойынан арылыңыз. Себебі сіз қалаған ақшаны өз ақыл, еңбегіңізбен табу - ақымақ бай жігіт табудан оңайырақ болады.
Ж.П. Морган бас атқарушы директоры - Джеймс Даймон