Массагет аптаның үздік блогын анықтап отырады

Массагет аптаның үздік блогын анықтап отырады
жеке
блог

Массагет сайты ашылғалы бері 14 мыңнан астам блог жазылған екен. Бұл күніне шамамен 10 блогтан жазылып отырды деген сөз. 3 жылдан астам уақыт ішінде қолданушылар өздерін толғандыратын мәселелерді ортаға салып, пайдалы ақпараттармен бөлісіп келді. Бұл үшін оларға алғысымыз шексіз.

Блогтар модулін одан әрі дамыта түсу үшін, қолданушыларымызды блог жазуға одан әрі ынталандыру үшін апта сайын үздік жазбаны анықтап отыруды шешіп отырмыз. Үздік блог бір аптаға сайтымыздың оң жағындағы "Жұлдызды блогтар" бағанына орналастырылады. Үздік туындыны сайтымыздың тілшілері өзара дауыс беріп таңдайды.

Үздік жазбаның авторы атанғыңыз келсе, қызықты идеяларыңызды бөлісіп отырыңыздар. Қатарластырыңызбен қызықты тақырыптарды талқылап, пікір алмасыңыздар. Бұл істе біз сіздерге барынша жағдай жасауға дайынбыз. Іске сәт.