Бесінші аптаның үздік блогы

Массагеттің "Блог" айдарының өсіп-өркендеуіне жауапты Әсел Асанова еңбек демалысына кеткелі жатқанда, блогтарын маған аманаттап қалдырып еді :) Сонымен "бесінші аптаның үздік блогы" қорытындысын шығарып отырмыз. 

Оқыңыз: Төртінші аптаның үздік блогының қорытындысы

27 ақпан - 6 наурыз күні 157 блог жазылған екен. Блогшыларымыздың белсенділігі қуантады. Ары қарай осы қарқынмен жаза түсіңіздер, шығармашылық табыс тілейміз. Осы аптада мынадай тақырыптар блогтарға арқау болды:

- киноға рецензия

- театр

- өзі туралы

- қоғам мәселесіне сыни пікір

- өлең шумағы 

- туған жері туралы

- пайдалы кеңес

- танымдық жазба, т.б.

Ақгүл Қабдығали "Үй елесінің күнделігі" деген қызықты жазбаны көшіріп сайтымызға салған екен. Бұл блогты бәрінен бөліп-жарып отырған себебіміз – автордың көшірмені оқырманға қызықтырып, бөліп-бөліп жариялаған еңбегін атап өткіміз келді, сондай-ақ жазба өзгеше көрінді. Осы жанрда автордың өзіне неге жазып көрмеске? Ендеше Ақгүлден қызықты жазбалар күтеміз! Бұл блог көшірме болғандықтан, байқауға Ақгүлдің өзі жазған "Мен оны өлтірдім" блогы қатыстырылды. 

Сонымен осы блогтардың ішінен блогтың мазмұны мен мағынасы, көрілім саны, лайк пен пікір санына байланысты үздік 20 блогты таңдап алдық. Осы 20 блогқа Массагет редакциясы дауыс берді. Үздік 20 блог: 

Гүлаян Кенешбаева – Жүректе бір сағат соғып тұр

Арайлым Құлтаева – Келін де адам баласы ғой

Шыңғыс Жиенбек – Наполеон Банопарт

Аман Төлегенов – Қазақстан кинематографы жайында...

Ғазиза Елтай – Аз, бірақ құнды ұйқы

Назкен Скандар – Көктем келді, ал сіздің өзгергіңіз келе ме?

Жансая Мұхат – Әйел адамның мінезін қалай анықтауға болатынын білесіз бе?

Рухшыл Қазақ – Сап түзеген сақшының сыры

Аружан Қаратаева – Сіз кімді ойлайсыз?

Айдана Нағиева – Мен Мағжанды көрдім  

Айдана Нағиева – Балаңыз қандай: Баланың мінезі мен ерекше қасиетін анықтауға көмектесетін 6 тест

Ақбаян Нұрланова – Бұл пост - ерекше емес, тек жанымның ауырғанын айтқым келген...

Мадияр Тұрар – Қазіргі жастар санасындағы махаббат ұғымы

Балжан Халықова – Білекті түріп қойып блог жазуға кірістім

Диляра Қанапиянова – Үйлену тойдың жасырын мәселелері

Ақгүл Қабдығали – Мен оны өлтірдім

Жантөре Рақымбек – Тәуелсіздік? (Студент монологы) 

Шалқар Абылова – Қоғам – өмір мен қаржыгер, Өмір – өлім мен Дәрігер

Қазақтың баласы – Өзіңді оят, жүре бермей түңіліп

Жанерке Ахмет – Музаға айналған ана

Жоғарыдағы 20 блогтың ішінен ең көп дауыс жинаған 10 блог өзара бәсекеге түсті. Нәтижесінде редакция таңдауы Жанерке Ахметтің Музаға айналған АНА блогына түсіп, аталған блог – бесінші аптаның үздік блогы атанды. Жанеркені келесі кезеңге жолдама алуымен шын жүректен құттықтаймыз! Мына гүл сізге:

Байқау әлі де жалғасады. Келесі аптаның үздігі болуға асығыңыздар! Байқау шарттарымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар. Берері мол, оқырманы көп блог тілеймін! 



Бөлісу: