Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Қоғам – өмір мен қаржыгер, Өмір – өлім мен Дәрігер.

Қоғам – өмір мен қаржыгер, Өмір – өлім мен Дәрігер.

Қоғам – өмір мен қаржыгер, Өмір – өлім мен Дәрігер.

Адам баласына өмір сүру үшін не қажет? Иә, адамгершілік, имандылық, амандық деп санамалап айта беруге болады. Бірақ еңбегіңнің өлшемі, маңдай теріңнің бөлшегі болатын күнделікті, не айлық жалақының өмір деген шектеулі дүниеде маңызы зор болып келетіні айтпаса да түсінікті дүние...

Жалақы деп бастай бергенде-ақ адам ойына кімдікі аз, ал кімдікі көп деген пікірлер өздері-ақ топтаса бастайды. «Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы аз, олардың жалақыларын көтеру керек» деген секілді халықтың тегін ұсыныстарына құлақ түре қалсаңыз түр-түрін естейсіз... Ал осы орайдағы дәрігерлердің жалақысына, әлеуметтік жағдайына тоқталып көрейікші.

Дәрігер – халықтың қалаушысы, адам жанының арашасы. Бір жері ауырмай отыратын адам кем бүгінгі қоғамда. Солардың барлығына «жылаған баланың анасындай» әупірімдеп қарайтын кімдер?! Әрине, осы дәрігерлер! Расын айту керек, Қазақстанда дәрігерлердің әлеуметтік жағдайы оңып тұрған жоқ. Оны тек жалақысынан емес, барлық жағынан-ақ алуға болады. Иә, біз дамып жатқан мемлекеттердің қатарындамыз. Бірақ даму процессінің көрінісін ең әуелі осы салада байқату керек қой.

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының тұрғыны Інжу ханымнан өзекті сұрақтар бойынша шағым сұхбат өткізген едім. Сол сұхбат барысында Інжу ханым былай деп айтып берген болатын:

« - Мен екі мамандықпен жұмыс істеймін. Екі жерде қызметтемін. Бірінші скорыйда, екінші поликникада қабылдау бөлімінде отырамын. Менің мамандығым ВОП және терапевт. ВОП дегеніміз – жаңадан шыққан мамандық. Врач общей практике дегенді білдіреді тарқатып айтқанда. Яғни, балаларды да, үлкендерді де қарайды. Ал жалақыма келсем, бір жерде отырмай, екі жерде жұмыс жасағанымнан-ақ қаншалықты дәреже екенін аңғаруға болады. Қазіргі таңда тұрмыс құрмағандықтан жеке басыма бұл жалақы жетіп жатыр. Ал алдағы күнде қандай жағдайда болатынын білмеймін.» деп ашына айтып берген болатын. Інжу ханым қайта-қайта мына мәселеге тоқталған болатын:

« - Медицинада жұмыс көп. Қолымыз бір тимейді. Той-томалақ атаулыны аңсап қалғалы қашан. Жасым қазір 27де. Оқыдым, тоқыдым. Жұмыстың көптігінен уақытымыз мүлдем жоқ. Жұмыс көп деген себебім: сабылып адам қарап, емдеп жазатынымыз рас, әрине. Ал негізінде жұмыстың көкесі дегеніміз – «қағазбастылық». 2-3 адамның жұмысын бір ғана адам істейді. Мұрныңнан шаншылып түкке керегі жоқ қағаздың ортасында көміліп отырғанымыз. Бұрын халық емшілері, дәрігерлері адамдардың ортасында отырса, біз қағаздардың арасында отырамын. Адамның өмірінен бұрын қағаздың ғұмырын ұзарту үшін төбемізден төпелеп тұрғаны.»

Тек Маңғыстау емес, барлық облыстарда да дәрігерлер жағдайы оңып тұрған жоқ. Мысалы, Орал қаласының дәрігерлерінің бірі Альбина ханымнан да осы тақырыпта кішігірім сұхбат жүргізген болатынмын. Назар аударсақ:

« - Шалқар, менің мамандығым дәрігер педиатр (Балалар дәрігері). Дәрігер болып жұмыс істегеніме 7 жыл болды. Ал 2012 жылдан бастап жұқпалы аураулар бөлімін меңгерушісі болып жұмыс істедім. Батыс қазақстан облысындағы (орал қаласындағы) Ақжайық деген үлкен ауданында да ауруханада жұмыс істедім. Бірақ күні кеше ғана арыз жазып жұмыстан шығамын деп шештім. Бірақ басшылар арызға қол қоймай тек уақытша демалысқа жіберді. Шынымды айтайын, дәрігерлердің жалақысы өте аз. Сондықтан да өз мамандығымды тастап, бизнеске кірісуге тура келіп жатыр. Мен бөлім меңгерушісі болғандықтан барлық ауыр жағдайда түскен науқастарды қараймын. Түнде түссе, түнде үйімнен алып кетеді. Демалыста да тап солай, бір тыным жоқ. Ал соның есесіне алатын жалақым  тек 70 мың теңге болды. Дәрігерлерге қолдау жоқ! Денсаулық сақтау жүйесін түкке қажеті жоқ Европаның реформаларын бірінен соң бірін кіргізіп быт-шытын шығарып жатыр. Халық ашулы. Олар қазіргі жүйенің сондай екенін түсінбейді. Сәл нәрсеге шағым жазамын деп, әбден жаман үйреніп алған. Себебі, қазіргі таңда Қазақстанда дәрігерлердің құқығын қорғайтын не заң, не бір ұйым жоқ» деп ішкі жан тебіренісін айқайлай жеткізген болатын. Сонымен қатар, мына бір айтқандарынан көңілің қаймығып қалады.

« - Айтатыным, мен дәрігер болуды бала кезімнен армандадым. Біреулер құсап әке-шешем ұнатқан соң барған жоқпын. Грантта оқыдым. Мен бірінші курстан бастап педиатрия деген мамандыққа түсіп, 7 жыл бойына баланың құрылысы мен ауруын  оқыдым. Ал 2012 жылы келді де балалар участоктерін жауып тастады. Себебі, Қазақстан 50 елдің қатарына кіру үшін шетелдегідей отбасылық врач болу керек екен. Одан балалар зардап шегіп жатыр. Себебі біз сияқты о бастан тек бала денсаулығы туралы оқыған кадрларды переспециализация жасап, анда-мында орналастырады. Ол маған ұнайды ма, жоқ па тіпті менен сұрамады. Адам баласы өзі сүйген, өзі таңдаған мамандығымен жұмыс жасай алмаса, еш қызық емес деп оайлаймын. Алла қаласа, жазда педиатрия бойынша магистратураға тапсырғым келіп отыр. Себебі педиатрия мамандығын есін жинаған қазақтар қайта ашып жатыр ғой биыл. Менің қайтадан сүйікті мамандығыммен жұмыс жасайтын күнім де келер...»

Міне, айқайлап тұрған шындықтың көкесі қайда жатыр. Біріншіден жалақылары аз, екіншіден ешқайсысы өз қалауымен өзі  қалаған мамандығында жұмыс атқара алмай жатыр, үшіншіден олардың үніне ешкім құлақ аспайды. Қай жерге бөледі сол жерге баруға міндетті болатын құр сілдердің ішіндегі жаны жоқтардың қалауын айтқызбайды да. Оған куә ретінде Ақтау қаласының медбикесі болып жұмыс істеп келе жатқан Жұмағалиева Айнұрдың мына сөздері еді. 

« - Маған жердің түбіндегі пәленше деген ауылға барасың деді. Онда не туысым жоқ, не танысым жоқ, тұратын үйім жоқ. Барып көрмеген бір жерге қалай барамын?! Және менен сұрамай уже құжаттарды дайындап қойыпты. Оның алдында бір ауылға жіберген болатын. Ол жерде тумаларым болғаннан кейін барған болатынмын. 2-3 жыл жұмыс істегеннен кейін, мені кері шақыртып осылай деп тұр. Мен бұған келіспедім. Келіспеуіме тек қана жоғарыда айтқан жайттар ғана себепші болған жоқ, екіншіден келіспеген себебім, өзімнің отбасым Ақтау қаласында тұрып, өз басымды алып әр жақта жүре алмаймын ғой. Біздің де отбасы ошақ қасында болу міндетіміз бар, оны сонда кім орындамақ?! Әрі кетсе, жұбайым шығарып алмақшы болды. Бірақ ол менің ең сүйікті ісім, мамандығым еді. Сол себептен, Ақтау қаласында қалып, бүгінде сонда қызмет етіп жатырмын».

Өз сөзіммен де қорытып айта берсем де болады. Бірақ «ақиқат көзі – дәлел мен дерек» болғандықтан алған сұхбаттарымнан үзіп-үзіп беріп отырмын. Жалақы –жалақы деп қақсап жатырмыз ғой, сол жалақының «кесірінен», немесе «арқасынан» ба әйтеуір, тап сол жалақыны негізге ала отырып жемқорлық деген нәрсе жасалуы әбден мүмкін...

Мысалы, науқастарды емдеу кезінде кішігірім, қалалық үлкен емханаларда ауқымды ақшалар кетіп жататыны рас. Ауырып әлек болғанда көзіңе басылатын дүние. Клиникаға кіргенге де ақша алатындықтары, олардың да өмір сүруіне жалақының жетіспеуі, қазіргі аузы қызыл қанға малынған қасқырдай жұтып жатқан заманда түкке де жарамайтындығы. Тіпті ең азы, алған жалақыларының коммуналды қызметтерге төленетін бағасынан асып кететіні рас дүние.

Осы сұраққа енді Орал қаласының білікті дәрігері Альбина ханым не дейді екен: «өз басым ойлаймын, егер мен пациеттен емдегенім үшін ақша алсам, онда қосымша ақша табам деп жұмыстан кетпес едім. Арасында бір корабка шоколад әкелетіндер болады(күлді). Ал негізінен ақша бермек түгілі «рақмет» деген қарапайым сөзді әре-е-ең айтып кетіп бара жатады ғой, шіркіндер. Өзім жұмыс жасаған жерде дәрігердің пациенттен ақша алғанын көргенім жоқ. Өзім өмірімде еш нәрсені парамен шешіп көргенім жоқ»  деп бар сырын ақтарып салды.

Блогтайм сайтында былай жарияланған еді: «Америка дәрігерлерінің жағдайы мүлдем бөлек. Америкада «Форбс» журналының рейтингісі бойынша жалақысы жоғары мамандықтардың үздік ондығының қатарында дәрігерлер тұр. Бұл елде хирургтар мен анестезиологтар 16-17 мың $ (3млн.) табыс табады. Ең аз табыс көзі отбасылық дәрігерлерге тиесілі, олар айына 14,5 мың $ алса, терапевт және педиатрлар – 15 мың $. Ал дәрежесі жоғары білікті хирург-ортопедтер айына 43 мың $ жалақыға қол жеткізеді. Медицина саласы жақсы дамыған Германия жайлы айтып өтпесек болмас. Бұл елде айына тіс дәрігерлері — 53021 еуро, хирургтар – 70344еуро, психиатрлар – 63 026 еуро, отбасылық дәрігерлер – 54 612 еуро көлемінде жалақы алады. Ал медбикелер, санитарлар мен ассистенттердің айлық табысы жылына 60000 еуро». Міне, қандай керемет. «Жақсыдан үйрен, жаманнан» жирен деген, елім!!! Ал Қазақстанда қанша? Былтыр ғана яғни 2016-да күтілген жаңалық іске асты ма? Дәрігерлердің жалақысы көтерілді ме? Жоооқ...

Осы былтыр бәрі жақсы болайын деп жатқан, негізі. Қазаққа жақсы ғой, былтыр, биыл деп отырып қай жылда жүргенімізді шатасып қаламыз. Ертең, ертең деп жүріп қашан өмір өтіп кеткенін, беттегі әжімді де байқамай қаламыз. Өлетінімізді белгенде ғана жанымыз қалмай аз қалған секундттарда «ғұмыр» кешіп қалуға тырбанамыз. Әй, қу тірлік-ай. Әй, ашылмай өмір бақи жабысып қалатын, санаға ой тастамайтын, тонна-тонна басымыздағы ми қатпарларымыз-ай.... Пайдаға жарамай қор болдың-ау. Қор болып, өзіңмен-өзің баста жатып шірисің-ау...

Былтыр биылдатып айтқым келгені, 2016да былтыр деп айттық, енді 2017де недеп айтарымды білмеймін, әйтеуір 2015-те дәрігерлердің жалақысы 28 пайызға артады деген болатын. «Бұл туралы «Нұр-Отан» партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырсында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті» деген болатын қазақпарат.

Бірақ бұл ақпараттар орындалды деп айта алмаймыз. Екі жерде жұмыс істейтін терапевт «жалақым 100-ге жетпейді» деп отырса, медициналық қызметте жүргеніне 7 жыл толған дәрігер Альбинаның 70 мың алатын және сол сияқтылардың жалақысын кім жеп жатыр?! Немесе қашан көтеріледі?

Иә, әлеуметтік жағдай ол ең бастысы ақшаға тіреледі. Бұл ақиқат. Ешқандай  ақша бөлінбесе мемлекет қалай дамиды, қалай өседі?! Дәрігер болмаймын деп жатқандар жоқ, не 7 жыл оқудан қашып жатқандар жоқ. Бәрі өз сүйген мамандығына барып жатыр. Соларды неге қолдамасқа, шабыттарына құм сеппей, неге демеп жібермеске?! Елім, ойлан...

7 2
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 05 наурыз, 23:10
Тегтер: дәрігер, даригер, әлеуметтік жағдай
Пікірлер
+0
06 наурыз, 01:16

Шындық... Қазіргі дәрігерлеріміз ауырып ем іздеп келген адамын ысырып қойып, қағазбен арпалысып жатады. Өйткені, жоғарыдағылар ауырған жандардың жағдайын ЕМЕС, қыруар қағаздарын тақылдап тұрып сұрайды! Дамыған медицинаның нәтижесі осы қағаз болса, дамығанына түкіргенім бар! Жұмысқа елден бұрын кіріп, соңынан шығады. Қаншама пациенттің өмірі осы кісілердің қолында болатын жағдайлар болады. Кішкентай бір дозадан қателескеннен бұл дүниемен қош айтысып жатқандар қаншама?! Осындай асқан қырағылықты қажет ететін, ешқандай қатені кешіруге болмайтын мамандық иелеріне неге бейқұрам қараймыз? Мысалы, жедел-жәрдемдегі фельдшер шақырған үйдің қандай жағдайда, қандай адамға жолығатынын, не күтіп тұрғанынан бейхабар күйі барады...баруы тиіс. Ал салдарынан, соңғы кездегідей не ұрып кетеді, не... Бұл бергі жағы, әрине.
Қай саланың болмасын өз қиыншылықтары бар. Бірақ өз өмірін дертке шипа беру үшін жұмсаған жандардың жайы бір бөлек. Медицина оңай емес. Суретшілер суреті дұрыс шықпаса өшіре салады, тігіншілер қайта тігеді, жазушы қайта жазады, ал дәрігер бір органды дұрыс емдемесе, дұрыс диагнозын қоймаса не дұрыс дәрі-дәрмегін жазып бермесе оны қайтара АЛМАЙДЫ. Осы еңбектері көріп отырған жемістеріне тұрмайды, расымен. Былтыр көтеріледі десе де, биыл үміттіміз. Рақмет сіздерге, ағалар, үміт "сыйлағандарыңызға"...

+0
07 наурыз, 20:24

Толғанай, пікіріңізге рақмет. Сізбен біздің ойымыз бір тараптан шыққанына қуаншытымын.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...