"Көңілді" тәттісі(арнайы тапсырма)

Міне,күндер,апталар мен айлар да өте шықты. » Мақсатыңа Массагетпен бірге жет»  байқауы да өз мәресіне табан тіреді.Алдыңғы апталардағыдай емес,байқауға қатысушылар саны кеміп,мәреге дейін 15 оқушы ғана төзімділік танытты.Бұл да бір жеңіс.Арнайы тапсырмаларды шыдамсыздана күтіп едік,міне,олда берілді.Ендігі кезек біздің жұмысымыз болмақ.Ендеше арнайы тапсырмаммен таныстырайын.Маған ешбір жерде алынбаған,яғни өз туындым ретінде тағым әзірлеу болатын.Бүгін менің анамның  Aitolkin Magzomova туған күні.Анама арнап "Көңілді" деп аталатын тәтті жасадым.Тәттімді күліп жүрген анамның жүзін  мұң шалмасын,әрдайым күліп жүрсін деген ниетпен "көңілді" деген ат ойлап таптым.

Құрамы:

ü Жұмыртқа

ü Қант

ü Сары май

ü Ас содасы

ü Ұн

Жұмыртқаны қант және содамен жақсылап араластырамыз. Сары майды жылытып,араластырып,ұнды қосып қамыр илейміз. Қамырды қалыңдығы 9мм жайып кесіп,шамамен 200 градуста 8-10 минут пісіреміз.Тәтті печеньеміз сырты қытырлақ,ал ортасы жұмсақ болып піседі.


Бөлісу: